Экологиялық туризмді дамытудағы Павлодар облысының ерекше қорғалатын табиғи территорияларының маңызы

Авторлар

  • Алькеев М.А., Базарбаева Т.А С. Торайғыров атындағы ПМУ Павлодар қ., Ломов к-сі, 64 үй, 140008

Аңдатпа

Мақалада экологиялық туризмді ұйымдастыру және дамыту үшін облыстың ерекше қорғалатын территорияларының негізгі табиғи­рекреациялық мүмкіндіктері қарастырылды және сараланды. Облыстың ерекше қорғалатын территорияларына сипаттама берілген. Павлодар облысының
ерекше қорғалатын табиғи территорияларының шегінде туризмнің әлеуетті бағыттары анықталған.
Табиғи және мәдени тарихи туристік ресурстарымызды тиімді пайдалану жаппай туризмнің жағымсыз әсерлерінің алдын алуға себеп болар еді. Сонымен қатар жалпы және аймақтық деңгейдегі
экологиялық туризмнің көптеген мәселелері толық зерттелмеген. Экологиялық туристік қызметті
ұйымдастыру барысында терминология және практикада бір ізділік, жүйелік болмауда.
Экологиялық турлардың аясында өткізілетін саяхаттар, айтарлықтай, алуын түрлі – мектеп оқушыларына арналған кішігірім танымдық турлардан, ұлттық парктегі жүйелі туристік бағдарламаларға дейін. Зерттеулер көрсеткендей, экологиялық турларда қатысудың негізгі себебі табиғатпен
тамсану мақсаты болып табылады.
Түйін сөздер: климат, рекреация, туризм, температура, ауа райы, метеостанция, рельеф, резерват, қорықша, Әлемдік туристік ұйым, ұлттық табиғи парк, рекреациялық зона, ландшафт, эрозиялық жер бедері.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-01-23

Журналдың саны

Бөлім

ACTUAL PROBLEMS OF BIODIVERSITY CONSERVATION