Бағалы дәрілік өсімдік Сlimacoptera affnis-тің өскінінің морфологиялық ерекшеліктері
Аңдатпа
Мақалада Оңтүстік Қазақстан облысы Шәуілдір ауданының табиғи флорасынан жинап алынған Chenopodiaceae тұқымдасы Climacoptera туысына жататын Climacoptera affinis өсімдігіне биоморфологиялық зерттеу нәтижелері берілген. Алғаш рет табиғи жағдайда өсетін дәрілік өсімдіктің
лабораториялық жағдайда тұқым өсуінің биологиялық ерекшеліктері, тұқым өнімділігі толықтай
зерттелген.
Climacoptera туысы түрлеріне тұқымдарының тыныштық кезеңінің жоқтығымен сипатталады,
тұқымдары жиналған соң 23 кейін өне береді. Climacoptera affinis өсімдігі тұқымының өнуіне оптималды температура 2022°С, қолайлы ылғалдылық 8595% құрайды. Көрсетілген температурада
және ылғалдылықта өсімдік тұқымдары жоғары өну қуаттылығын көрсетеді. Зерттелінген түрдің
даму ритмі бойынша алынған мәліметтер көгалдандыруға ұсынуда практикалық маңызы бар. Ұсынылып отырған түр көгалдыруда қолданылатын ассортименті толықтырады.
Түйін сөздер: морфология, диагностикалық белгілер, Climacoptera Climacoptera affinis (C.A.M.)
Botch, биoмeтpиялық өлшeмi.








