Қазақстандағы шаңды дауылдардың (шаң-тозаңдардың) ошақтары

Авторлар

  • Issanova G., Ustemirova A Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ

Аңдатпа

Шаңды және құмды дауылдар (шаң­тозаңдар) өте қауіпті табиғат
құбылысы және олар Қазақстанның құрғақ және жартылай құрғақ
аудандарында кездеседі. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде әртүрлі
шөлдер таралған. Осы шөлдер минералды және тұзды аэрозольдардың негізгі көзі болып табылады. Бұл зерттеу жұмысында шаңды
және құмды дауылдардың (шаң­тозаңдардың) қайталануы бойынша
ұзақ мерзімді метеорологиялық мәліметтер, сонымен қатар олардың
Қазақстан территориясында аудандастырылуы туралы мағлұматтар
қолданылған. Көпжылдық метеорологиялық бақылау мәліметтерін
жалпылау және талдау негізінде шаңды және құмды дауылдардың
(шаң­тозаңдардың) қуатты көздерін анықтадық. Қазақстан территориясында Арал маңы Аралқұм және Қызылқұм негізгі көзі болып
табылады. Белсенді шаңды және құмды дауылдардың (шаң­тозаңдардың шөлдері шаңды және құмды дауылдардың (шаң­тозаңдардың) қайталану жиілігі жоғары болатын) аймақтары құмды шөлдерде
немесе адам әрекеті басым аймақтарда шоғырланған. Шаңды және
құмды дауылдар (шаң­тозаңдар) қоршаған орта үшін өте зиян және
олар топырақтың жағдайына үлкен кері әсер етеді.
Түйін сөздер: шаңды дауылдар, құрғақ аймақтар,топырақтың механикалық құрамы.

Жарияланды

2019-02-03

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ