Жер-су атаулары – тарихтың хаты

Авторлар

  • Смагулов А., Акынбеков М., Сағат Н., Жакеева М. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ

Аңдатпа

Адамзат дамуының барлық тарихи кезеңдерінде географиялық
атаулардың маңызы ерекше болды. Ғаламшарымыздағы бiр де бiр
мемлекет өзiнiң дамуында географиялық атауларсыз өмiр сүрген
емес және географиялық атаулары жоқ мемлекет туралы тарихи
деректерді кездестірмейміз. Біздің қазақ елі де солардың қатарында.
Бұл мақалада еліміздегі географиялық атаулардың шығу тарихына,
ерекшелігіне тоқталатын боламыз.
Әрине бұл жұмыс еліміздің аймақтарында жүргізілу деңгейі
әртүрлі. Кейбір өңірлердегі нысандарға атау беруде тарихымыздағы
орны ерекшеленбеген, жалпыхалықтық ықпалы аз кісілердің есімдері
қойылып кетіп жатса, солтүстік облыстарда патшалық Ресейдің
және Кеңес Одағы кезеңінде қойылған атаулар әлі күнге дейін
ауыстырылмай тұрғаны жасырын емес.
Қорыта келе айтарымыз, тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде карта
беттеріндегі осындай түсініксіз топонимдерден тазартып, атабабаларымыздың ат қою дәстүрлеріне сәйкес келетін, географиялық
нысанның сипатын нақты бейнелей алатын, бойынан географиялық,
тарихи және тілдік ақпараттарды жинақтаған ақпараттық құндылығы
жоғары, тәуелсіз топонимдермен алмастыру ісін жандандыру қажет.
Түйін сөздер: топонимика, география, тарих, этимология

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-03

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ