ҚОЙМА ЗЕҢДЕРІНІҢ ЖӘНЕ ЕГІСТІКТЕН КЕЛГЕН САҢЫРАУҚҰЛАҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ДАМУЫНА ОРТА ФАКТОРЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІ

Авторлар

  • Абдрасулова Ж.Т., Тулеуханов С.Т., Кужантаева Ж.Ж., Жиенбай С.Б., Хaмитовa Н.Х., Узбекбаева Г Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қaзaқстaн, Aлмaты қ. 4Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан, Арқалық қ

Аңдатпа

Мақалада астық тұқымдастарын зақымдайтын саңырауқұлақтардың биологиялық және
экологиялық ерекшеліктерінің зерттеу нәтижелері көрсетілген. Астық дақылдарының тұқымдары
Алматы облысының Талғар, Іле, Қарасай, Жамбыл аудандарының шаруашылықтарынан жинап
алынды. Астық тұқымдастарының (Triticum aestivum L., Avena sativa L., Hordeum vulgare L., Zea mays
L., Oryza sativa L., Sorghum vulgare Pers., Panicum miliaceum L.) тұқымдарының 728 үлгісі жиналып
алынды. Морфологиялық-дақылдық қасиеттерін зерттеу негізінде саңырауқұлақ түрлері Penicillium expansum Link, Aspergillus flavus Link, Rhizopus nigricans Ehrenb., Alternaria alternate (Fr) Keisse,
Macrosporium commune Wall., Fusarium proliferatum (Matsush.), Аlternaria tenuis Nees, Аlternaria tenuis
Nees, Mucor mucedo Fres, Helminthosporium sativum Pammel, Cladosporium herbarium (Pers.) Link,
Trichothecium roseum Link. анықталды. Астықтардың тұқымдарының саңырауқұлақ түрлерімен
зардапталуын анықтауда әртүрлі әдістер қолданылды: макроскопиялық, морфологиялықдақылдық ерекшеліктерді анықтау әдістері. Астықтарды зақымдайтын саңырауқұлақ түрлерінің
морфологиялық ерекшеліктеріне қарай Наумов; Литвинов анықтамалары арқылы анықталды.
Саңырауқұлақ түрлерінің дамуына әсер ететін экологиялық факторлар нақтыланды. Саңырауқұлақ
түрлерінің өсіп дамуына ылғалдылық пен температураның әсері зерттелді.
Түйін сөздер: астық тұқым, саңырауқұлақ, экологиялық факторлар.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-04

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ