Іле өзенінен және Балқаш көлінің оңтүстік-батыс бөлігінен жер асты суларының және шөгінділерінің биотестациясы

Авторлар

  • Шалахметова Т.М., Сутуева Л.Р., Мамилов Н.Ш., Шимшиков Б.Е., Қүлымбет Қ.Қ., Тастан Д.А., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ, Қазақстан, Алматы қ.

Аңдатпа

2018 жылдың маусым айында Оңтүстік Балқашқа барған экспедиция барысында Іле өзені
мен Балқаш көлінің (оңтүстік-батыс бөлігіндегі) әртүрлі аймақтарынан жер үсті суларының
және шөгінділердің үлгілері жиналып зерттелді. Жер үсті суларының гидрохимиялық анализінің
нәтижесінде Іле өзені (Бақанас), Топар өзені және Балқаш көлі (Құйған ауылы) сулары ауыр
металдармен Pb, Cd, Zn және Fe ең көп ластанған, олардың ШКД 1,6-дан 5,5 есеге дейін жеткен.
Осы зерттелген су қоймасының аймақтарынан төменгі шөгінділерінде ШКД Pb, Cr, Co, Ni, Cd,
Zn және Fe үшін жоғары көрсеткіш байқалды. Сонда да, шөгінділерден табылған АМ деңгейі,
әсіресе Fe концентрациясы бойынша (МШК 2,9-дан 6,9 есеге дейін) олардың мөлшері жер үсті
суларынан айтарлықтай асып түсті. (Danio rerio) және (Xenopus laevis) эмбриондарына жер үсті
сулары мен шөгінділердің әсер етуі арқылы жасалған биосараптамасының нәтижесі, олардың
едәуір эмбриотоксиндігінен 20-40% өлімімен аяқталды. Осыған байланысты зерттелетін
аймақтарда балық пен амфибияның санының азаюы мүмкін деген болжам айтылады. Жүргізілген
зерттеулердің нәтижелері Оңтүстік Балқаш аймағын қорғау мақсатындағы іс-шаралар әзірлеу
үшін маңызды.
Түйін сөздер: Іле өзені, Балқаш көлі, жер үсті сулары, шөгінділер, ауыр металдар,
биосараптама, Danio rerio, Xenopus laevis, эмбриотоксинді.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-04

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ