Деревян кіші суайдынының ихтиофаунасы (Балқаш бассейні)
Аңдатпа
Балық ресурстарын ұтымсыз пайдалану, ауыл шаруашылық жерлерін қарқынды дамыту,
антропогендік фактор, сондай-ақ акклиматизациялау процестері суқойма экожүйесіне әсер
етпей қоймайды. Әртүрлі суқоймалардың ихтиофауна түрлерінің компоненттері теріс әсердің
кешенді ықпалынан елеулі өзгерістерге ұшырап, нәтижесінде су экожүйесін хаосқа алып келеді.
Соңғы жылдары еліміздегі балық шаруашылығы мен аквакультураның қарқынды дамуына
байланысты, балық ресурстарын қорғау мен оларды ұтымды пайдалануына көңіл бөлінуде.
Осыған байланысты республикада балық шаруашылығындағы аса маңызды су қоймаларының
ихтиофаунасын зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Алайда, шағын және қосалқы (резервтік) су
қоймалары жеткілікті деңгейде зерттелмей қалуда. Мұндай су қоймалар кәсіптік маңызы бар
балық түрлері үшін резервуар, сондай-ақ осы балықтардың көбею орны ретінде пайдалануға
болатын еді.
Деревянный көлі Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Қарабастау шөлінде орналасқан. Деревянный
көлі 2018 жылы экспедиция барысында зерттелді. Зерттеудің мақсаты ихтиофауна жағдайын
анықтап, балықтардың құрамы туралы деректер алу болды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей,
көлдің ихтиофаунасы отрядқа жататын 14 балық түрінен – тұқытәрізділер – Cypriniformes,
тұқытістітәрізділер – Cyprinidontiformes, жайынтәрізділер – Siluriformes және алабұғатәрізділер
– Perciformes. Зерттеу материалдары аборигенді және бөгде түрлерден тұрды. Бөгде түрлердің
үлесі аборигенді ихтиофаунадан көп, бірақ аборигенділер түр саны жағынан басым болды. Бөгде
түрлермен қатар аулауда кәсіптік маңызы бар бөгде түрлер де кездесті. Зерттелген балықтарды
жас және ересек дарақтар құрады, бұл олардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлардың болғанын
көрсетеді.
Түйін cөздер: ихтиофауна, абориген, акклиматизант, түр, балық.
