Флора популяции L imonium michelsonii L incz. в горах хребта Бала Бугуты

Authors

  • А. А. Аметов Al-Farabi Kazakh National University image/svg+xml
  • Н. М. Мухитдинов Al-Farabi Kazakh National University image/svg+xml
  • К. Т. Абидкулова Al-Farabi Kazakh National University image/svg+xml

Keywords:

эндемик, реликт, Limonium michelsonii,

Abstract

Мақалада сирек кездесетін, эндемдік және реликт түр Limonium michelsonii-дің Бала Бөгіті тауының «Ақшоқы» жотасы (Іле Алатауының шығыс бөлігі) маңынан табылған популяциясын зерттеудің нәтижелері берілген. L. michelsonii популяциясы бір-бірінен рельефі, жер көлемі, флоралық құрамы және өсімдіктер жабыны бойынша айқын ажыратылатын үш ценопопуляцияға бөлінеді. Флоралық құрамы бойынша No 1 және No 3 ценопопуляциялардың арасында көптеген ұқсастықтар байқалды. Олардың ұқсастық коэффициенті 0,65 тең. Зерттелген популяцияда гүлді өсімдіктердің 24 тұқымдасын, 58 туысын құрайтын 83 түрі тіркелді. Бірінші ценопопуляцияның құрамында 21 тұқымдасты және 48 туысты құрайтын 53 түр кездеседі. Олардың ішінде түрлерінің саны жағынан ең көбі Poaceae және Chenopodiaceae тұқымдастарының өкілдері болып табылады. Екінші ценопопуляцияның құрамында 13 тұқымдасты, 29 туысты құрайтын 32 түр тіркелген. Бұл жерде Chenopodiaceae тұқымдасының өкілдері айқын басымдыққа ие. Үшінші ценопопуляцияның флоралық құрамында 27 тұқымдасты, 65 туысты құрайтын 52 түр тіркелді. Олардың ішінде түрлерінің саны жағынан ең көбі – Chenopodiaceae тұқымдасы. Мақалада зерттелген үш ценопопуляцияның әрқайсысының флоралық құрамының тізімі берілген.

Downloads

Published

2016-01-14

Issue

Section

ENVIRONMENTAL IMPACT OF ANTHROPOGENIC FACTORS AND ENVIRONMENTAL PROTECTION

How to Cite

Флора популяции L imonium michelsonii L incz. в горах хребта Бала Бугуты. (2016). Eurasian Journal of Ecology, 34(2). https://bulletin-ecology.kaznu.kz/index.php/1-eco/article/view/448