ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТЕХНОГЕНДІК ҚАЛДЫҚТАРЫН КЕШЕНДІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ (ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE208830326Аңдатпа
Мақалада Шымкент қаласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың техногендік қалдықтарына кешенді экологиялық бағалау жүргізілді. Зерттеудің өзектілігі өнеркәсіп өндірісінің қарқынды дамуы мен қалдықтар көлемінің ұлғаюына байланысты қоршаған ортаға түсетін антропогендік жүктеменің күшеюімен түсіндіріледі. Техногендік қалдықтардың атмосфералық ауаға, топыраққа және су ресурстарына әсері қарастырылған. Экологиялық кодекс талаптарына сәйкес кәсіпорындар экологиялық қауіптілік деңгейлері бойынша жіктеліп, негізгі қалдық көздері анықталған.
Сонымен қатар, қазіргі және тарихи қалдықтардың жинақталу ерекшеліктері мен олардың қоршаған ортаға ұзақ мерзімді әсері талданды. Далалық зерттеулер мен зертханалық талдаулар нәтижесінде бірқатар ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген мөлшерден асу фактілері анықталды. Зерттеу нәтижелері қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және экологиялық қауіпсіздікті арттыру қажеттігін көрсетеді.
Далалық және зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша ластаушы заттардың рұқсат етілген шекті мөлшерден асуы анықталып, олардың экологиялық тәуекелдер тудыратыны расталды. Бұдан басқа, рұқсатсыз қалдықтар орналасқан орындарды анықтау мақсатында ғарыштық мониторинг деректері пайдаланылды.
Зерттеудің нәтижелері өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және экологиялық бақылаудың заманауи әдістерін енгізу қажеттігін көрсетеді.
Кілт сөздер: техногендік қалдықтар, экологиялық бағалау, өнеркәсіп, ластану.








