Шокатаева Д.Х., Савицкая И.С., Кистаубаева А.С., Абдулжанова М.А., Талипова А.Б. Структурные и механические свойства бактериальной целлюлозы, полученной при культивировании продуцента на средах с производственными отходами

Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Авторлар

  • Шокатаева Д.Х., Савицкая И.С., Кистаубаева А.С., Абдулжанова М.А. Талипова А.Б

Аңдатпа

Бактериалды целлюлоза (БЦ) – биомедицинада, электротехникада, тағам және тоқыма
өнеркәсібінде кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін ерекше қасиеттерге ие келешегі бар
биополимер. Жұмыстың мақсаты ауылшаруашылық және тағамдық қалдықтардан жасалған
орталарда штамм-продуцентті өсіру арқылы бактериалды целлюлозаның биосинтез өнімділігін
анықтау болып табылды. Берілген жұмыста түрлі дақылдық орталардың штам өнімділігі және
БЦ-ның құрылымдық қасиеттеріне әсері зерттелді. Агро және тағам өнеркәсібінің қалдықтарына
негізделген 3 түрлі ферментациялық орталар қолдандық. Штамның өнімділігі гравиметриялық
әдіспен БЦ-ның биомасса шығымы мен салмағына қарай бағаланды. БЦ қабықшасының
морфологиясын СЭМ әдісімен, ал механикалық сипаттамаларын «Instron» үзуші машинасында
зерттедік. 8,21+0,02 г/л БЦ-ның максималды өнімі продуценттің қант өндірісінің қалдығы,
яғни меласса бар ортада болды. HS классикалық ортада және өндіріс қалдықтары негізіндегі
орталарда түзілген материалдар үлкен беттік ауданы бар өзара байланысты борпылдақ
матрицалық құрылымға ие болды. Мелассасы бар ортада түзілген БЦ-ның қабықшасындағы
микро- (15-35 нм) және макрофибриллалар (50-150 нм) жоғары механикалық беріктік (үзілуге
беріктік: 37,12+0,2; салыстырмалы ұзару: 3,28+0,2 %) беретін жіп тәрізді талшықтарға бірігеді.
Түйін сөздер: бактериалды целлюлоза, ферментациялық орта, Gluconacetobacter xylinus,
өндіріс қалдықтар

Жарияланды

2018-10-07

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шокатаева Д.Х., Савицкая И.С., Кистаубаева А.С., Абдулжанова М.А., Талипова А.Б. Структурные и механические свойства бактериальной целлюлозы, полученной при культивировании продуцента на средах с производственными отходами: Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы. (2018). ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 55(2), 80-89. https://bulletin-ecology.kaznu.kz/index.php/1-eco/article/view/818