ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы

Өңдеу Редактировать Журнал туралы

«ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы» журналы 1992 жылы құрылған. Журналдың құрылтайшысы әрі баспагері – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

«ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы» журналыэкология, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму салаларындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша түпнұсқа ғылыми және шолу мақалаларын жариялауға бағытталған, ашық қолжетімді, рецензияланатын ғылыми басылым. Журнал экологиялық ғылымдар мен сабақтас салаларда жұмыс істейтін ғалымдарға, зерттеушілерге, оқытушыларға, докторанттар мен магистранттарға, сондай-ақ сала мамандарына арналған.

«ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы» журналы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған, ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіміне кіреді және жоғары деңгейдегі рецензиялау стандарттарын, қатаң редакциялық талаптарды, сондай-ақ білімге ашық қолжетімділік қағидаттарын берік ұстанады. Бұл жарияланатын зерттеулердің қолжетімділігі мен ғылыми тұтастығын қамтамасыз етеді.

Бастапқы рецензиялау: мақаланы қабылдаған сәттен бастап шамамен 3 апта.

Рецензиялау саясаты: қос соқыр рецензиялау.

Рецензиялаудың орташа уақыты: 8–14 апта.

Қабылдау пайызы: 35%.

Индекстелуі және қатысуы

  • CrossRef
  • Digital object identifier (DOI)
  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК)
  • «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰМҒТСО)
  • Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі (РҒДИ)
  • CiteFactor
  • WorldCat
  • EBSCO
  • ROAD

Журналдың мақсаты – экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жан-жақты ұсыну.

Журналдың міндеттері:

  • Экология және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы іргелі және қолданбалы ғылымның әртүрлі бағыттарында маңызды ғылыми нәтижелерді жариялау;
  • Диссертация қорғауға және ғылыми дәрежелер алуға үміткер магистранттар мен докторанттардың ғылыми еңбектерінің нәтижелерін ашық әрі кеңінен жариялауға қолайлы орта қалыптастыру;
  • Экология мәселелерін зерттейтін ғылыми қауымдастықтың, сондай-ақ жас және бастаушы ғалымдардың журналға деген тұрақты қызығушылығын арттыру және кәсіби ортадағы сұранысын күшейту.

Журналдың тақырыптық бағыттары

«ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы» журналында экология, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму салаларындағы өзекті мәселелер бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жарияланады. Мақалалар келесі тақырыптық бөлімдер бойынша қабылданады:

  • Жер туралы ғылым
  • Қоршаған ортаның ластануы және оны қорғау
  • Экологиялық биотехнология
  • Адам, өсімдік, жануарлар және микроорганизмдер экологиясы
  • Климаттың жаһандық өзгеруі, су ресурстарын басқару
  • Бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру
  • Қоршаған орта және миграция
  • Қалалар және климаттың өзгеруі
  • Экологиялық ойлау және адамзаттың даму стратегиясы

Неліктен «ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы» журналында жариялану керек?

Халықаралық редакциялық алқа – журнал құрамына жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар кіреді, бұл қолжазбалардың кәсіби сараптамасын және жарияланымдардың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз етеді.

Қатаң рецензиялау жүйесі – барлық мақалалар кемінде екі тәуелсіз сарапшының қатысуымен қос соқыр рецензиялаудан өтеді.

Цифрлық архивтеу – журнал жарияланған материалдардың ұзақ мерзімді сақталуын сенімді электрондық архивтер арқылы қамтамасыз етеді.

Зерттеу сапасына жоғары талаптар – заманауи талдау және статистикалық өңдеу әдістерін қолдана отырып, эксперименттік тұрғыда дәлелденген деректерге негізделген жұмыстарға басымдық беріледі. Бұл ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен қайталанымдылығын қамтамасыз етеді.