Мұнайды ыдырату үшін термотолерантты микроорганизмдердің биотехнологиялық мүмкіндігін бағалау

Авторлар

  • Айткельдиева С.А., Файзулина Э.Р., Ауэзова О.Н., Спанкулова Г.А., Татаркина Л.Г., Алимбетова А.В. LLC “Research and Production Center for Microbiology and Virology”, Kazakhstan, Almaty,

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v63.i2.01

Аңдатпа

Табиғи экожүйелердің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы әлемнің көптеген елдерінде,
оның ішінде Қазақстанда өте өткір мәселе болып табылады. Мұнаймен ластанған жерлердің едәуір
бөлігі ыстық климаты бар аймақтарда орналасқан және мұндай елдерде мұнайды ыдырататын
термотолерантты микроағзаларды бөліп алып, оларды одан әрі мұнаймен ластанған аумақтарды
қалпына келтіру үшін пайдалану мақсатында зерттеулер жүргізіледі. Мұндай микроағзалардың
шеңбері өте кең және алуан түрлі.
Мұнаймен ластанған экожүйелерді биоремедиациялау әдісінің тиімділігі көбінесе биотикалық және абиотикалық факторларға байланысты, мысалы, тұздылық, температура, ББЗ (беттікбелсенді заттарды) өндіру қабілетіне, рН және т.б. сияқты. Батыс Қазақстан топырағынан
біз ертерек кең температуралық диапазонда мұнай көмірсутектерін тотықтыруға қабілетті,
термотолерантты мұнайтотықтырғыш микроағзаларды бөліп алып және сәйкестендіргенбіз. Бұл
жұмыстың мақсаты белсенді термотолерантты мұнайтотықтырғыш микроағзалардың минералды
тұздардың әр түрлі концентрациясында (Cl-, SO42-) мұнайды ыдыратуға қабілеттілігін зерттеу
және олардың биотехнологиялық мүмкіндігін бағалау үшін эмульгаторлық белсенділікті анықтау
болды.
Барлық таңдалған штамдар галотолерантты екені анықталды. Сонымен қатар, минералды
тұздардың қатысуымен мұнайдың ыдырау деңгейіне температура факторы әсер етті. Мұнайдың
ең жоғары ыдырау пайызы 35°C болды. Бұл температурада K-3, 4/5, П1-35-14 штамдары
зерттелген барлық NaCl концентрациясында (3, 5 және 10%) жоғары белсенділік көрсетті –
73.6-85.9%, 62.7-91.1% сәйкесінше және 73,6-75,7%. 40°C кезінде ең жоғары белсенділік –
41.4-51.2% ИП-40-4 штаммы көрсетті. 50°C температурада зерттелген дақылдардың ыдырату
қабілеттілігі барлық NaCl концентрациясында бірдей деңгейде болды. Таңдалған штаммдарды
жоғары құрамда MgSO4 бар қоректік ортада өсіруде K-3 штаммы ең тұрақты екенін көрсетті,
сондай-ақ барлық температурада жоғары белсенділігін сақтады.
Термотолерантты мұнайтотықтырғыш микроағзалардың белсенді штамдары эмульгаторлық
белсенділікке ие екендігі көрсетілді. Эмульгаторлық белсенділіктің жоғары мәндері 35°C
температурада байқалады, ал содан кейін температураның жоғарылауында ББЗ түзілуі төмендеді.
35°C температурада ең үлкен эмульгаторлық белсенділікке П2-35-9 штаммы, ал 40°C және 50°C
K-3 штаммы ие болды.
Түйін сөздер: биоремедиация, термотолерантты көмірсутектотықтырғыш бактериялар,
тұздылық, галотолерантты, эмульгаторлық белсенділік.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-06-24

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ