Habibi A., Zayadan B.K., Baizhigitova A., Alemyar S., Bauyenova M.O. The effect of isolated cyanobacteria on rice seed germination and growth
Department of Biology and Biotecnology al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty 2Dеpartment of Agronomy, Faculty of Agriculture, Baghlan University, Afghanistan, Baghlan, e-mail: ainullah.habibi1@yahoo.com
Abstract
Цианобактериялар топпырақтың құнарлылығына үлкен үлесін қосады. Цианобактериялар
өсімдіктердің жоғары деңгейде өсіп дамуына әсер ететіндігі жайлы мәліметтер бар. Әлем
бойынша цианобактериялардың күріштің өсуіне және топыраққа әсері жайлы жұмыстар өте
көп кездеседі, дегенмен Ауғанстанда бұл зерттеулер өте аз жүргізілген. Бұл зерттеуде Anabaena sp. цианобактериясы Ауғанстанның Бағлан қаласы провинциясының топырағынан бөлініп
алынды. Бөлініп алынған Anabaena sp.цианобактериясы құйылған ыдыста, Ауғанстанның үш
түрлі күріштері екі сағат бойы ұсталынды. 10 тәуліктен соң, цианобактерия экстрактісінде
ұсталынған күріш дәндерінің, өсімдіктің ұзындығы және тамыр ұзындығы, суда ұсталынған
дәндермен салыстырғанда, артқаны байқалады. Тәжірибенің келесі кезеңінде күріш дәндері
цианобактериямен байытылған топырақта және сумен байытылған топырақтарда өсірілді. 12
тәулік өткен соң цианобактериямен байытылған топырақта өскен өсімдіктің, сумен байытылған
топырақта өскен өсімдіктен ұзындығымен, морфологиясы бойынша әртүрлілігін көрсетеді.
Сондықтан, Anabaena sp цианобактериясы Ауғанстанның күріш алқаптарына тиімді биотыңайтқыш
ретінде ұсыныла алады.
Түйін сөздер: цианобактерия, инокуляция, биотыңайтқыш, Баглан, Шамарқ, Чашмайшир