Amangeldin M., Kenzhebayeva S., Bikebayeva A., Maidanova B. Structure analysis of the worldwide pharmaceutical market and prospects for its development in Kazakhstan
Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty; 2 - Xinjiang institute of medicine, China, Urumqi
Abstract
Соңғы жылдары дәстүрлі және халық медицинасында дәрілік шикізатты дайындау
үшін шипалы өсімдіктерге ерекше назар мен оларды қолдану аясы кеңеюде. Сондай-ақ, өз
денсаулығына алаңдайтын адамдардың саны да жыл сайын артуда. Салауатты өмір сүру
салтын ұстану, дұрыс тамақтану және созылмалы ауруларды шипалы өсімдіктермен емдеу
тиімдірек, себебі ағза үшін табиғи, химиялық препараттарға қарағанда улылығы аз және ұзақ
уақыт қолдануға ыңғайлы. Мақаладағы әдебиеттер негізінде берілген әдебиеттік шолуда
Frángula álnus өсімдігінің пайдалы және дәрілік қасиеттері көрсетілген. Бұл ерекше өсімдіктің
негізгі фармакологиялық әсерін анықтайтын антрагликозидтер. Олар сынғақ итшомырттың
жапырағында, қабығында, жемістерінде, бүршіктерінде көптеп кездеседі. Дәстүрлі емес
медицинада Frángula álnus өсімдігі гастритте, асқазан мен он екі елі ішектің жараларында, бауыр
ауруларында, жүрек жетіспеушілігінде, асқынған жөтелде, ревматизм және радикулитте, тері
ауруларында қолданылады. Препараттың емдік әсері көпшілік жағдайларда әсер етуші негізгі
затпен ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар құрамындағы қанттар, минералды тұздар мен
микроэлементтердің жалпы жиынтығымен сипатталады.
Түйін сөздер: Frangula alnus, итшомырт, дәрілік өсімдіктер, медициналық шикізат.