Журнал туралы
«ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы» журналы 1992 жылы құрылған.
Журналдың құрылтайшысы және шығарушысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болып табылады. Журналдың жоғары оқу орны көрсетілген мұқабасы мен титулдық парақтары, шығыс деректері, ISSN, eISSN, редакциялық алқа құрамы, редакциялық саясаты, жарияланымдық этикасы және веб-сайты бар.
Журнал жылына 4 рет шығарылады.
Журнал мақалалары CrossRef ДБ тіркеледі және әрбір авторлық мақалаға міндетті түрде объектінің DOI – цифрлық сәйкестендіргіші беріледі, ол дәйексөзді, сілтемені және электрондық құжаттарға шығуды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
Журналды «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰМҒТСО) Қазақстандық дәйексөз алу базасы (КазДАБ) индекстейді.
Журнал сонымен қатар elibrary.ru ғылыми электронды кітапханада орналастырылған оқырмандар үшін ашық қолжетімділікте және "Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индексі" (РҒДИ) талдамалық деректер базасына енгізілген.
Журналдың редакциялық алқасының құрамында қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар бар.
Журнал авторлардың жарияланымдарының ақпараттық ашықтығы және қол жетімділігі саясатына сәйкес келеді, мақалалар журналдың сайтында үш тілде толық мәтінді қолжетімділікте орналастырылады.
Журналдың мақсаты мен міндеттері
Журналдың мақсаты - экология және табиғи ресурстар саласындағы алдыңғы қатарлы зерттеулердің нәтижелері мен жан-жақты көрсетілімін қамтамасыз ету. Журнал экологиялық проблемалар мен қоршаған ортаны қорғауға ғылыми қызығушылық танытатын ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, докторанттар мен түрлі мамандықтағы студенттерге арналған.
Журнал міндеттері:
- Экология және қоршаған ортаны қорғау бойынша фундаменталды және қолданбалы ғылымның түрлі салаларында маңызды мәнге ие жаңа ғылыми нәтижелерді жариялау.
- Диссертацияларды қорғауға және ғылыми мамандықтар бойынша ғылыми дәрежелер алуға үміткер магистранттар мен докторанттардың ғылыми жұмыстарының нәтижелерін кең жариялаудың ашықтығы мен қол жетімділігі ортасын құру.
- Ғылыми қоғамдастықтың, сондай-ақ жас және жаңа бастаған ғалымдардың журналға деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру, оның экология мәселелерін зерттейтін мамандардың кәсіби ортасында өсіп келе жатқан қажеттілігін қалыптастыру.
Журналдың тақырыптық бағыттары
Журнал материалдары экология және қоршаған ортаның ластануы саласындағы проблемалардың кең ауқымын қамтиды. Мақалалар экологияның келесі тақырыптық бөлімдері бойынша жарияланады:
- Жер туралы ғалым;
- Қоршаған ортаны ластау және қорғау;
- Экологиялық биотехнология;
- Адам, өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер экологиясы;
- Климаттың ғаламдық өзгеруі, су ресурстарын басқару,
- Бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру;
- Қоршаған орта және көші-қон;
- Қалалар және климаттың өзгеруі;
- Экологиялық ойлау және адамзат стратегиясы.
* Журналда жариялауға мақұлданған қолжазбаның авторлары vмақаланы жариялау үшін бекітілген төлем құжатына сәйкес басылым үшін ақы төлеуге міндетті. Бағалардың бекітілген құжатына сәйкес мақала жариялау үшін мақаланың әрбір бетіне 2000 теңгеден толенеді. Ерекше жағдайларда, журнал сериясын қаржыландырудың басқа көздері болған жағдайда, авторлар мақаланы жариялағаны үшін төлемнен толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.
Автор төлем жасағаннан кейін PDF форматында төлем туралы түбіртекті журнал редакциясының электронды мекен-жайына жібереді.