Басылымды қабылдау

2024-02-14

Құрметті авторлар!

Редакция бұрын жарияланбаған эксперименттік сипаттағы мақалаларды жариялауға қабылдайды. Шолу мақалалары журнал редакциясының тапсырмасы бойынша ғана қабылданады. Мақалалар журналдың келесі бөлімдеріне сәйкес келуі керек:

- Антропогендік факторлардың қоршаған ортаға әсері және қоршаған ортаны қорғау
- Қоршаған ортаны ластаушы заттардың биотаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалау
- Биологиялық әртүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері

Мақаланы жариялау үшін ақы төлеу тәртібі мен құнын "Қазақ университеті" баспасы белгілейді және оны автор сыртқы рецензенттер мен ғылыми редактор бекіткеннен кейін жүзеге асырады. 1 Бет үшін төлем - 2000 теңге. Журналда жариялау үшін ғылыми мақалаға қойылатын талаптар "материалдарды беру" бөлімінде келтірілген.