Топырақтың кадмиймен және мырышпен ластануы жағдайында жаздық қатты бидайдың әртүрлі генотиптері астығының өнімділігі мен ауыр металдардың жинақталуы

Авторлар

  • Alybayeva R. A., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы http://orcid.org/0000-0003-1523-7652
  • Autkhanova N. A., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы http://orcid.org/0000-0002-7280-8362
  • Inelova Z. A., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы http://orcid.org/0000-0001-8778-5848
  • Atabayeva S. D., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы http://orcid.org/0000-0002-4704-6909
  • Akhambayeva N. Sh., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы http://orcid.org/0000-0002-2798-1860
  • Kalmakhan M. N. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы http://orcid.org/0000-0003-3755-1140

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v65.i4.01
        45 0

Аннотация

Дамыған өнеркәсіп қоршаған ортаның экологиялық жағдайына теріс әсер етеді, топырақта
зиянды заттардың, соның ішінде ауыр металдардың жинақталуымен бірге жүреді. Сондықтан
дақылдардың техногендік төзімді сұрыптарын жасау экологиялық таза технологиялардың
құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл зерттеу жұмысы жаздық қатты бидайдың әртүрлі
генотиптерін олардың өнімнің тауарлық бөлігі болып табылатын астығында кадмий мен
мырыштың жиналуына төзімділігі бойынша зерттеуге бағытталған. Жаздық қатты бидайдың
әртүрлі генотиптерінің базальды аймағының топырағындағы ауыр металдардың құрамы
зерттелді. Зерттелген ауыр металдардың бидай тұқымдарында жинақталуы анықталды, бұл
ең маңызды зерттелген көрсеткіш болып табылады. Қоршаған ортаның ауыр металдармен
табиғи ластануы жағдайында жаздық қатты бидай генотиптерінің өнімділігі мен өмір сүру
көрсеткіштері зерттелді. Тәжірибе нәтижесінде кадмий мен мырыштың әсеріне ең төзімді және
сезімтал генотиптер анықталды. Жинақтан жаздық бидайдың өнімділік құрылымына және
оның элементтерінің өзара байланысына талдау жүргізілді. Анықталған төзімді генотиптер ауыл
шаруашылығы өндірісі үшін перспективалы нысандарды анықтау үшін Шығыс Қазақстан өңірінің
ауа-райы жағдайларында олардың өнімділігі мен өмір сүруін далалық тәжірибелерде одан әрі
қарай зерттеу үшін ұсынылды.
Түйін сөздер: кадмий, мырыш, жаздық қатты бидай.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-01-05

Как цитировать

A., A. R., A., A. N., A., I. Z., D., A. S., Sh., A. N., & N., K. M. (2021). Топырақтың кадмиймен және мырышпен ластануы жағдайында жаздық қатты бидайдың әртүрлі генотиптері астығының өнімділігі мен ауыр металдардың жинақталуы. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 65(4), 4–16. https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v65.i4.01

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ