Ауылшаруашылық өсімдіктерінен бөлініп алған өсімдіктердің өсуін жетілдіретін бактериялар

Авторлар

  • Berzhanova R. Zh., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы http://orcid.org/0000-0001-9251-4452
  • Mukasheva T. D., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы http://orcid.org/0000-0003-3275-7895
  • Sydykbekova R. K., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы http://orcid.org/0000-0002-7924-4977
  • Ignatova L. V., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы http://orcid.org/0000-0002-0811-6775
  • Omirbekova A. A., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы http://orcid.org/0000-0002-5667-6240
  • Davenova N. A., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы http://orcid.org/0000-0002-1421-0733
  • Esentaeva K . әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы http://orcid.org/0000-0002-3243-4837

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v65.i4.02
        61 0

Аннотация

Мақалада агроценоздардан 7 жемдік және дәнді дақылдардан (соя, арпа, жоңышқа, рапс, сафлор,
түйе жоңышқа және эспарцет) бөлініп алған бактерияларды бөліп алу және олардағы PGPB қасиеттерін
зерттеу туралы мәліметтер көрсетілген. Бөлініп алған бактериялардағы PGPB қасиеттерді фосфаттарды
еріту, азотфиксипрлеуші белсенділігін, Fusarium graminearum фитопатогенді саңырауқұлағына
қатысты антагонистік белсенділігі, ИСҚ түзуге қабілетін зерттеу бойынша бағаланды. Бактериялар мен
актинобактериялардың туысқа дейінгі белгілерін анықтауды олардың морфологиялық, физиологиялық
және биохимиялық қасиеттерін зерттеу арқылы анықталынды.
Негізгі нәтижелері. Әртүрлі ауылшаруашылық культураларының агроценоздарынан 659
бактерия изоляттары бөлініп алды және 354 қиын еритін фосфаттарды in vitro мобилизациялау
қабілеті бар изоляттар іріктеп алынды. Олардың арасында 40% изолят азотфиксирлеуші
белсенділікті және айқын көрінген антагонистік қасиет көрсетті. Бірқатар штаммдар биобақылау
және өсуді жетілдіру әсері бар ИСҚ белсенді өндірді. Бөлініп алынған изоляттардың ішінде
191 грамтеріс, 216 – споралы грам-оң, 136 – актинобактериялар, 117 – грам – оң спора түзуші
Bacillus туысының өкілдеріне жатқызылды. Алынған нәтижелер өсімдіктердің агроценозында
PGPB сипаттамалары бар микроорганизмдерді іздеуде қолдануға жоғары мүмкіншіліктері бар
екендігін дәлелдейді. PGPB қасиеттері бар изоляттардың едәуір көп мөлшері арпа мен үш
жылдық жоңышқа агроценоздарынан бөлініп алды. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында өсуді
жетілдіруші, фосфат еріткіш, азотфиксирлеуші және антагонистік белсенділіктері бар Agromyces, Bacillus және Streptomyces туысына жататын 7 жетістігі мол штамдар іріктеп алынды және
олардың негізінде өсімдік шаруашылығына арналған тиімділігі жоғары микробиологиялық
препараттарды жасауда қолдануға болады.
Түйін сөздер: топырақ бактериялары, агроценоз, фосфат-солюбилизирлеуші белсенділік,
азотфиксирлеуші белсенділік, антагониcтік белсенділік, ИСҚ түзу.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-01-06

Как цитировать

Zh., B. R., D., M. T., K., S. R., V., I. L., A., O. A., A., D. N., & ., E. K. (2021). Ауылшаруашылық өсімдіктерінен бөлініп алған өсімдіктердің өсуін жетілдіретін бактериялар. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 65(4), 17–24. https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v65.i4.02

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ