Ақбас көліне гидрофизикалық, гидрохимиялық және альгологиялық көрсеткіштер бойынша экологиялық баға беру

Авторлар

  • Zhumay E ., Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қазақстан, Көкшетау қ.
  • Onerkhan G ., Қазақ технология және бизнес университеті, Қазақстан, Нұр-сұлтан қ.
  • Khusainov А.Т., Kurmanbayeva А.S. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қазақстан, Көкшетау қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v65.i4.03
        67 0

Аннотация

Бұл жұмыста ерекше қорғалатын, табиғи аумақ санатына жататын «Көкшетау» мемлекеттік
ұлттық табиғи паркіне қарасты Ақбас көлінің гидрофизикалық және гидрохимиялық
көрсеткіштерінің нәтижелеріне баға берілді. Көл айдыны ауданының 50 жылға жуық кезеңдегі
өзгерістері көрсетіледі. Судың түсі мен лайлығының көрсеткіштері бойынша соңғы 3 жыл бойы
төмендегені байқалады. Ақбас көлі су айдынының ауданы 50 жылға жуық мерзімде 15,3%-ға
азайған. Көл суындағы құрғақ қалдықтар зерттеу кезеңінде ШРК-дан әр жыл сайын 1,1-1,5 есеге
артып отырған. Ақбас көлі ластану деңгейі және сапасы бойынша 2018-2019 жылдары орташа
ластанған, III класс дәрежесін көрсетеді. Алайда кейбір гидрохимиялық көрсеткіштердің шекті
рұқсат етілген концентрациядан артып кеткендігі анықталған. Ақбас көлінің гидрофизикалық және
гидрохимиялық көрсеткіштерімен қатар бізбен көлдегі микробалдырларының түрлік құрамдары,
мезгілдік өзгерісі анықталынып, систематикалық талдау жасалынды. Зерттеу нәтижесінде Ақбас
көлінің альгофлорасы 61 түрді құрап, олардың 20 түрі индикатор-сапробты микробалдырларға
жататындығы анықталды. Экологиялық факторлардың және әр түрлi химиялық реакциялардың
балдырларға сезiмталдығын зерттеу үшін Ақбас көлі су үлгілеріне биотестілеу жүргіздік.
Биотестілеу жүргізген зерттеу нәтижесінде Chlorella sp-3K штамы Ақбас көліндегі улы заттар
концентрациясына орташа сезімтал екені анықталды. Зерттеулерден байқағанымыздай көл
суына микробалдырлар көмегімен биотест жүргізу жылдам, әрі тез және химиялық зерттеулер
нәтижесін толықтыратындығы анықталды. Гидрофизикалық, гидрохимиялық зерттеулер және
альгоценоз құрамы мен биотестілеудің кешенді нәтижелері негізінде Ақбас көлінің суы ластану
дәрежесі бойынша 3 класқа жататыны анықталды.
Түйін сөздер: гидрофизикалық және гидрохимиялық көрсеткіш, альгофлора, биотестілеу.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-01-06

Как цитировать

., Z. E., ., O. G., & Kurmanbayeva А.S. K. А. (2021). Ақбас көліне гидрофизикалық, гидрохимиялық және альгологиялық көрсеткіштер бойынша экологиялық баға беру. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 65(4), 26–36. https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v65.i4.03

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БИОТАҒА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ