Сөгеті тау шатқалындағы эндем түр Galatella saxatilis Novopokr. популяциясының экологиясы мен геоботаникалық сипаттамасы

Авторлар

  • Nassyrov N.B., Bayseitov N.K., «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласындағы филиалы – Агрохимиялық, топырақ зерттеу және кешенді іздестіру жұмысы департаменті, Қазақстан, Алматы қ.
  • Sramko Gabor . Дебрецен университеті, Венгрия, Дебрецен қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v65.i4.05
        58 0

Аннотация

Бұл мақалада Сөгеті тау шатқалында кездесетін эндем түр Galatella saxatilis популяцияларының
геоботаникалық сипаттамасы мен экологиялық жағдайлары келтірілген.
Зерттеу объектісі кездесетін аумақтың табиғи жағдайлары: жер бедері, топырақ жамылғысы,
су ресурстары, климаты қарастырылып, өсімдіктер қауымдастығы мен ондағы типтердің
геоботаникалық сипаттамасы жасалды. Алынған нәтижелер кестелерге толтырылып, суреттерде
көрсетілген. Қауымдастық типтерінің өнімділік пайызы есептелінген.
Galatella saxatilis түрінің морфологиялық ерекшеліктері сипатталып, тіршілік күйлері мен
генеративті сабақтарының сапалық деңгейі анықталған. Galatella saxatilis түрін бірнеше рет
қайталап бақылау барысында бірінші популяцияда 7 дарақ қана кездесті. Ал, екінші популяцияда
10 дарақ кездесті. Тіршілік күйлері бойынша: генеративті жас(g1), піскен(g2), қартайған(g3) және
постгенеративті субсенильді(ss), сенильді(s) типтер ажыратылды.
Популяцияда кездесетін 24 өсімдік түрі анықталып, систематикалық тізімі жасалды.
Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері толығымен орындалып, жұмыс сәтті жүргізілді.
Түйін сөздер: жер бедері, су ресурстары, топырақ жамылғысы, климат, өсімдіктер
қауымдастығы, өнімділік, түсім пайызы, қауымдастық типтері.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-01-06

Как цитировать

N.K., N. N. B., & ., S. G. (2021). Сөгеті тау шатқалындағы эндем түр Galatella saxatilis Novopokr. популяциясының экологиясы мен геоботаникалық сипаттамасы. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 65(4), 51–61. https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v65.i4.05

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ