Қапшағай суқоймасындағы (Балқаш бассейні) тыраннын Abramis brama (Cyprinidae; Cypriniformes; Actinopterygii) морфобиологиялық көрсеткіштерінің динамикасы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v66.i1.04Аннотация
Балықтардың морфологиялық және биологиялық көрсеткіштері көп жағдайда мекен ету ортасының жағдайларымен анықталады. Балықтардың өзгергіштігін зерттеу олардың экологиялық икемділігін және мекен ету ортасының жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Қапшағай суқоймасындағы тыранның Abramis brama (Linnaeus, 1758) уақыт аспектісіндегі морфологиялық өзгергіштігі салыстырмалы түрде зерттелді. 1972, 1992 және 2020 жылдардағы ауланған балықтардың биологиялық, пластикалық және саналатын белгілерінің көрсеткіштері зерттелді. Статистикалық анализ үшін басты компонент әдісі қолданылды. 2020 жылы ауланған балықтар жақсы қоңдылығымен ерекшеленеді алайда бұл балықтардың өлшемінін кішілігі байқалады. Соңғы 28 жылда, тыранның сыртқы морфологиясынын өзгергуі жүрген. Тыраннын гидродинамикалық көрсеткіштерінің және басының формасы өзгерген. Аталған өзгерістер экологиялық қуыстың өзгеруінің нәтижесі болуы мүмкін. Қазіргі кезде Қапшағай суқоймасындағы тыранның даму гомеостазы бұзылған, алайды жоғарғы экологиялық икемділігі бұл түрге қоршаған ортаның өзгеру жағдайларында өмір сүруге мүмкіндік береді.