Забурунье кен орнының топырағына көмірсутегі ластануының микробтық қауымдастығының құрылымына әсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v68.i3.01
        99 0

Аннотация

Бұл мақалада Забурунье кен орнынан ластанған топырақ сынамаларындағы микроорганизмдер санын анықтау нәтижелері келтірілген. Бұл зерттеу көмірсутектермен ластанудың ингибиторлық әсерінің нәтижесінде топырақтың
микробтық қауымдастығын зерттеуге арналған. Көмірсутектер мен эколого-физиологиялық топтар санының арасындағы байланысы, ластaну деңгейі әртүрлі топырақ үлгілері бағаланды. Микроорганизмдердің санын зерттеу үшін Забурунье кен орнынан топырақтың бірнеше үлгілері қолданылды (орташа ластанған және қатты ластанған). Микроорганизмдердің экологиялық және физиологиялық топтарының саны топырақтың биологиялық белсенділігінің маңызды индикаторы болып саналады, оған мұнайдың ластануы әсер етеді. Сонымен, алынған нәтижелер бойынша көмірсутектердің ластану дәрежесі 22560±28,8-ден 33265±19,8 мг/кг топырақ аралығында болған кезде топырақ үлгілерінде микроорганизмдердің саны тежеледі. Құрамында көмірсутектері аз топырақтың үлгілерінде барлық экология-физиологиялық топтардың саны са- лыстырмалы түрде көп байқалды. Осылайша КАА қоректік ортасындағы микроорганизмдер саны 138,6 ±8,91 мың/г топырақ КТБ, ал ЕПА қоректік ортасында 98,6±2,23 мың/г топырақ КТБ. Мұнай мөлшері аз болатын топырақ үлгілерде көмірсутегін тотықтырушы микроорганизмдердің саны көп болып анықталды. Забурунье кен орны топырағының микробтық бірлестігінің құрылымына мұнайдың селективті әсері ластанған топырақта микроорганизмдер саны айтарлықтай көп бол-
мауымен ерекшеленеді.

Түйін сөздер: мұнай, топырақ, микроорганизмдер саны, бактериялар, актинобактериялар, микромицеттер, көмірсутегін тотықтырушы микроорганизмдер.

 

Қосымша файлдар

Как цитировать

Мukasheva T. D., Berzhanova, R. Z., Yessentayeva, K. Y., Кassenova А., Аralbayeva А. А., Кudabayev А., & Tursunova К. (2021). Забурунье кен орнының топырағына көмірсутегі ластануының микробтық қауымдастығының құрылымына әсері. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 68(3), 4–9. https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v68.i3.01

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ