Қарағанды облысының Нұра өзенінің жанындағы ауылдық жерлердің жер асты суларын күзгі маусымдағы сапасын кешенді бағалау
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v68.i3.02Аннотация
Осы зерттеу мақаласында біз Нұра ауылындағы ауыз су және шаруашылық жұмыстар үшін қолданылатын жер асты сулары мен орталық сумен барлық жағынан қамтамасыз етудің экологиялық сипаттамаларын және анықтамаларын зерттедік. Стандартты әдістерге сәйкес судың сынамалары кездейсоқ таңдалған учаскелерден үш данада алынды.
Нәтижесінде, Қарағанды облысының Нұра ауылында жер асты суларының сапасын егжей- тегжейлі бағалау жүргізілді. Жер асты сулары негізінен саңырауқұлақтармен және ауыр металдармен ластанғаны анықталды. ЖБС анықтау тесті, атап айтқанда, бактериялардың су сынамаларында табылғандығын көрсетті. Жер асты суларының үлгілерінде колиформды бактериялардың болуы нашар салынған септикалық бактармен және ауылдағы көптеген ашық полигондардың, аузы ашық сақтау қоймаларының болуымен байланысты болды. Бактериялық колонияларды санау туралы зерттеуден алынған эксперименттік мәліметтердің нәтижелері сынаманың әртүрлі нүктелерінде бактериялардың санының өсу тенденциялары әр түрлі болғанын көрсетті, бірақ колониялар құратын бактериялар барлық сынамаларда болды. Суды гидрохимиялық талдауларға сәйкес, ШРК темір, БПК және сульфаттар құрамында көбейетінін атап өтуге болады. Сонымен қатар, хлорлау, алюминий қосу, сүзу, дезинфекциялау және қайнату арқылы судың сапасын тұрмыстық деңгейде жақсарту ұсынылады.
Түйін сөздер: ауыз су, судың сапасы, бактериялардың ластануы, жер асты сулары, қоршаған ортаның сипаттамасы.