Қалдықтар негізінде алынатын биокапсулалардың топырақ құнарлылығына әсерін зерттеу

Авторлар

  • B T Yerezhepbay Қожа Aхмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ. http://orcid.org/0000-0003-0486-3332
  • N A Abdimutalip Қожа Aхмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ. http://orcid.org/0000-0003-1173-4344

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v68.i3.08
        75 0

Аннотация

Бұл мақалада ауылшаруашылық өсімдіктердің өсу стимуляциясына қажетті экологиялық зиянсыз техногенді қалдықтардың оңтайлы мөлшерінен тұратын биокапсулалар жасап шығару, олардың топырақ құнарлылығына әсері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі қарастырылған. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында, топырақ құрамындағы ластаушы заттарды анықтауда химиялық талдау әдістері биокапсуланы алуда престеу әдісі, топырақты детоксикациялау мен тазалау әдістері қолданылды. Биокапсулаларды жасауға техногенді қалдықтарынан өңделген өнім, яғни биогумус, ағаш өнімдерін жасау өндірісінен шыққан қалдықтар – ағаш жоңқалары, әктас, саз кен орнының қалдықтары – саз кесек алынды. Құрауыштардың нақты көлемді мөлшері бар биокапсулаларды қолдану – тыңайтқыштарды үнемдеуде экономикалық жағынан тиімділікке әкелді, қоршаған ортаның және өнімнің таза болуына қауіп төндірмейтіндігі анықталды. Биокапсулаларға көшеттерді егу барысында олардың шығуына оң әсер ететін жағдай жасалынды. Зерттелген барлық өсімдіктерде биокапсулаларды қолданған барлық нұсқаларда өнімнің жоғары артуы 90 пайызға артатындығы байқалды. Зерттеу нәтижесі бойынша биокапсулалар топырақ құнарлылығына ешқандай кері көрсеткіш көрсетпейтіндігі дәлелденді. Алдағы уақытта түрлі өсімдіктерді биокапсула арқылы жергілікті аймақтарға жерсіндіру жұмыстарына ұсыныстар жасалынды. Жасалынған биокапсулалар тек қана ауылшаруашылық мекемелерінде ғана емес, саябақтар, түрлі қоғамдық орындар мен мемлекеттік ғимараттардың ауласын абаттандыру жұмыстарында қолданылуы мүмкін.


Түйін сөздер: биокапсула, өсу стимуляциясы, техногенді қалдықтар, қалдықтарды екінші ретті қолдану, ауылшаруашылық өсімдіктер, топырақ құнарлылығы.

Қосымша файлдар

Как цитировать

Yerezhepbay, B. T., & Abdimutalip, N. A. (2021). Қалдықтар негізінде алынатын биокапсулалардың топырақ құнарлылығына әсерін зерттеу. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 68(3), 72–82. https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v68.i3.08

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БИОТАҒА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ