Батыс Қазақстан облысының кеш юрасынан шыққан Nannopterigius тектес ихтиозаврдың қалдықтары туралы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v68.i3.10Аннотация
Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысының аумағынан Nannopterygius тектес ихтиозавр қалдықтарының табылуы қарастырылады. Зерттеулер көрсеткендей, тұқым өкілдерінің қаңқаларының фрагменттері Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Погодаево кентінің орналасқан жеріндегі кеш юра шөгінділерінде жиі кездеседі. Сипатталған түрдің қаңқалардың жеке фрагменттерінің құрылымының әртүрлі диагностикалық белгілері бар (интерклавикула платформаның ені, коракоидтің ұзындық пен ендік қатынасы, жауырынның дистальды ұшының ені). Зерттеудің мақсаты Nannopterygius (Yasykovia) тектес ихтиозаврдың жаңа табылыстары негізінде қаңқа фрагменттерінің құрылымындағы өзгергіштікті зерттеу. Бұл жұмыста далалық және камералдық зерттеулердің жалпы қабылданған палеонтологиялық әдістері қолданылды: зерттелетін үлгілерді сыйымды жыныстардан алу үшін палеонтологиялық материалмен жұмыс істеудің стандартты әдістемесі; түрлік диагностика кезінде қазба қалдықтарын морфологиялық және морфометриялық талдауы. Қазақстан Республикасының Юра шөгінділерінде Nannopterygius (Yasykovia) yasykovi голотипіне ұқсас ихтиозавр қалдықтарының болуы расталды. Nannopterygius (Yasykovia) материалы қаңқа құрылымында айтарлықтай жеке өзгергіштікті көрсетеді. Келесі жеке өзгергіштіктің көрсеткіштері бойынша сипатталады: негізгі шүйделік сүйектің пішіні, шүйделік кондиланың ауданы, бұғана аралық аймағының ені, коракоидтың ені мен ұзындығының қатынасы, скапуланың дистальды ұшының ені сияқты. Табылған материалдың жасы кеш юраға, жоғарғы Еділ қабатына, Epivirgatites nikitini аймағына жатады.
Түйін сөздер: Nannopterygius (Yasykovia), Батыс Қазақстан, кеш юра, жоғары Еділ қабаты.