Aрал теңізінің биожүйе компоненттері деградациясының физиологиялық және биофизикалық үдерістерін зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v69.i4.03Аннотация
Мақалада теңіз деңгейінің құлдырауы мен Арал өңірінің биожүйе компоненттеріне байла-нысты туындаған экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі практикалық іс-шаралардың нәтижелері және оларды әзірлеу тәсілдері қарастырылды. Арал өңіріндегі биожүйе компонент-терінің дерадацияға ұшырау мәселелерін шешу жөніндегі бұрын жоспарланған және анықталған жаңа экологиялық проблемалар мен оларды шешуге арналған практикалық іс-шараларға әдеби шолу толығымен жүргізілді. Зерттеу әдістемесі теңіздің гидрофизикалық, гидрохимиялық және гидробиологиялық күйінің өзгеруіне, сонымен қатар ландшафттардың анықтамалық аймақтарын зерттеуге және кейіннен ғарыштық суреттердің нәтижелерімен салыстыруға арналған далалық зерттеулерді қамтыды. Ғылыми зерттеуде бактерио-, фито- және зоопланктонның горизонтальды және вертикальды таралу сипатын зерттеу, Chl-a және феопигменттер концентрациясын өлшеу, фито- және зоопланктонның таксономиялық құрамын анықтау арқылы олардың Арал теңізінің прогрессивті тұздануы аясындағы қазіргі жағдайының сипаттамасы қарастырылды. Ғылыми зерттеу жұмысының жаңалығы 2010 – 2020 жылдардағы проблеманың даму кезеңін сипаттайтын жаңа материалдарды, орындалған ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру салдары алғаш рет анықталынды. Ғылыми зерттеу нәтижелері гидролог, биолог, эколог мамандар үшін Арал аймағының әртүрлі ландшафтық өңірлеріндегі зерттеулер мен ғылыми-практикалық жұмыстарды тұжырымдауда, осы процестің болашақтағы тенденциясына экологиялық болжамдар жасауда қолданылуы мүмкін.
Түйін сөздер: Арал теңізі, фитопланктон, Chl-a, экологиялық дағдарыс, Арал деградациясы, биожүйе компоненттері, географиялық болжам, ландшафт.