«Caspi Bitum» зауытының булану тоғанындағы биогенді элементтердің құрамын бағалау

Assessment of the content of biogenic elements in the evaporation pond of the “Caspi Bitum” plant

Авторлар

  • Г Ж Кенжетаев Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақстан, Ақтау қ.
  • С Сырлыбекқызы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақстан, Ақтау қ.
  • Л Ж Тайжанова Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақстан, Ақтау қ.
  • И И Кирвель Помор Академиясы, Польша, Слупск
  • Ж К Алтыбаева Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақстан, Ақтау қ. 2 Помор Академиясы, Польша, Слупск қ.
        93 0

Аннотация

Мақалада «Caspi Bitum» зауытының өндірістік қызметі нәтижесінде пайда болатын ағынды сулардың экологиялық мониторингінің нәтижелері келтірілді. Кәсіпорынға тиесілі булану тоғанындағы биогенді элементтердің құрамына, таралуына, динамикасына талдау жүргізілді. Биогенді элементтердің су алаңдарына өндірістік жолмен түсіп, су айдынының химиялық құрамы мен сапалық қасиеттерін өзгертіп қана қоймай, жағажайлардың тұздануына алып келуі бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі, су қоймалар суындағы биогенді элементтердің динамикасын бақылай отырып оның құрамын талдау, су айдынының жалпы көрінісі туралы сипаттама беруде негіз бола алады. Жүргізілген зерттеу жұмыстары да осы мақсатты ниет етті. Зерттеу үшін талдауға материал ретінде 2018 жылдың күз мезгілімен 2019 жылдың жаз мезгіліаралығында «Caspi Bitum» зауытының булану тоғанындағы далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында жиналған су сынамаларының өңдеу нәтижелері алынды. Сынамалар алдын ала белгіленген координаталар бойынша судың беткі қабатынан жинақталынып, зертханалық талдамаға жіберілді. Сынамаларды өңдеуде келесі биогенді элементтер талқыланды: аммоний азоты, фосфаттар, нитриттер, нитраттар және фенол. Сондай-ақ нормативтік құжаттар бойынша осы заттардың мөлшері қарастырылып, ШРК деңгейімен салыстыру жүргізілді. Сынамаларды гидрохимиялық талдау фотометриялық және иондық хроматография әдістермен жүзеге асырылды. Су құрамындағы биогенді элементтер бойынша мағлұмат судағы экожүйенің жалпы жағдайы мен ластануын нормалау мен бақылауда қолданылады.
Түйін сөздер: ағынды сулар, биогенді элемент, тазарту, булану тоғаны, мұнай өнімдері.

Жүктелулер

Как цитировать

Кенжетаев, Г. Ж., Сырлыбекқызы, С., Тайжанова, Л. Ж., Кирвель, И. И., & Алтыбаева, Ж. К. (2021). «Caspi Bitum» зауытының булану тоғанындағы биогенді элементтердің құрамын бағалау: Assessment of the content of biogenic elements in the evaporation pond of the “Caspi Bitum” plant. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 69(4), 34–42. вилучено із https://bulletin-ecology.kaznu.kz/index.php/1-eco/article/view/1219

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БИОТАҒА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ