Галофитті ақсора (Suaeda Salsa Pall.) тұқымдарының өнуіне әр түрлі тұздардың әсері

Авторлар

  • Ж Рахымжан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Cұлтан қ.
  • Ж Б Текебаева «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» РМК, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.
  • Р Р Бейсенова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v69.i4.05
        98 0

Аннотация

Эугалофитті Ақсора (Suaeda salsaPall.) тұқымына әсер етуші тұздар мен топырақ сығындысы ерітіндісінің стресстік әсері зерттелінді. ЭугалофиттіАқсора (Suaeda salsa Pall.) тұқымдарын тұздар(Na2SO4 және NaCl) мен топырақ сығындысы ерітінділерінің әр түрлі концентрациясында (0;0,6; 1,2; 1,8; 2,8; 3,6г/100 мл) өңдеу. Өңделгеннен кейінгі өсіп шыққан эугалофитті Ақсора өскіндерінің тұздар (Na2SO4 және NaCl) мен топырақ сығындысы ерітінділері арасындағы байланысын бақылау. Сонымен бірге әр түрлі тұздар мен топырақ сығындысы ерітінділерінің ұқсамаған концентрациясында өсіп шыққан өскіндердің өну көрсеткіштеріне сипаттама беру. Эугалофитті Ақсора тұқымдарының өну көрсеткіштеріне негізделе отырып, тұқымның Na2SO4 және NaCl тұздарының ұқсамаған концентрациясы мен топырақ сығындысы ерітіндісінде болған төзімділігін анықтау. Ақсора тұқымдарының тұзды стресске төзу қабілетін зерттеу. Эксперимент нәтижелері көрсеткендей, Ақсора өскіндерінің әртүрлі тұздар (Na2SO4 және NaCl) және топырақ сығындысы ерітінділеріндегі өсу көрсеткіштерінің түрліше болғандығы анықталды. Тұқымның өну көрсеткішіне, Ақсора тұқымдарыныңNa2SO4 және NaCl тұздар мен топырақ ерітіндісінің әр түрлі концентрациясының стресстеріне әр түрлі жауап беретіндігіне негізделе отырып, Ақсора тұқымының
стресстік әсерін төмендегі байланыс бойынша NaCl > топырақ сығындысы > Na2SO4 көрсетуге болады. Ақсораның тұз стрессіне төзімділігіне байланысты тұзданған сор және сортаң жерлерге қатты бейім екендігі анықталды.
Түйін сөздер:тұзды топырақ, галофитті өсімдіктер, Ақсора

Жүктелулер

Как цитировать

Рахымжан, Ж., Текебаева, Ж. Б., & Бейсенова, Р. Р. (2021). Галофитті ақсора (Suaeda Salsa Pall.) тұқымдарының өнуіне әр түрлі тұздардың әсері. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 69(4), 43–52. https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v69.i4.05

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БИОТАҒА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ