Тұқымдарды алдын ала өңдеуге байланысты әр түрлі пісетін топтардағы Қытай бұршақ сорттарының өнімділігі

Авторлар

  • С В Дидоренко «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ.
  • Г К Кабылбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.
  • А Ж Сайкенова «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ.
  • Р Ж Касенов «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v69.i4.06
        85 0

Аннотация

Қытай бұршағы жоғары ақуызды және майлы дақыл ретінде ауыл шаруашылығы дақылдарының әлемдік рейтингінде стратегиялық маңызды деп танылды. Қытай бұршағының әлемдік өндірісі тұрақты динамикалық дамуда. Бұл дақылдың егіс алқаптарының ұлғаюы Қазақстанды қоса алғанда, барлық елдерде орын алуда. Қазақстан бойынша қытай бұршағының орташа өнімділігі 21,5 ц/га құрайды. Дақылдардың өнімділігінің өсуі жаңа жоғары өнімді сорттарды құрумен ғана емес, сонымен қатар заманауи агротехнологиялық тәсілдерді қолданумен, тұқымдар мен вегетативті өсімдіктерді өсу стимуляторларымен өңдеумен де байланысты болады. Зерттеу жұмысында әр түрлі пісетін топтардағы қытай бұршақ сорттарының тұқымдарын Histick азотты бекітетін препаратымен және Со, Мо микроэлементтермен өңдегендегі зерттеу нәтижелері келтірілген. Тұқымдарды егу алдындағы өңдеу стимуляторларды қолданғанда әр түрлі әсер етті. Ивушка ультра тез пісетін сортының өнімділігіне бірде-бір препарат оң әсер еткен жоқ. Бірлік КВ ерте пісетін сортының өнімділігі Histick азот бекітетін препаратымен және Mo+Co микроэлементтерімен тұқымдарды бірлесіп өңдеу кезінде 2,1 ц/га-ға ұлғайды. Орта кеш пісетін Жансая және кеш пісетін «Ласточка» сорттарында тұқымды азотты 1,6 және 2,1 ц/га-ға Histick өңдегенде ғана өнімділіктің айтарлықтай артқаны байқалды.
Түйін сөздер:қытай бұршағы, микроэлементтер, өнімділік белгілері, өнімділік.

Жүктелулер

Как цитировать

Дидоренко, С. В., Кабылбекова, Г. К., Сайкенова, А. Ж., & Касенов, Р. Ж. (2021). Тұқымдарды алдын ала өңдеуге байланысты әр түрлі пісетін топтардағы Қытай бұршақ сорттарының өнімділігі. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 69(4), 54–63. https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v69.i4.06

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ