АЗИЯ ОШАҒАНЫ (AGRIMONIA ASIATICA JUZ) ЖАПЫРАҒЫНДАҒЫ ИЛІК ЗАТТАР МЕН ФЛАВАНОИДТАРДЫ АНЫҚТАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v80.i3-011
        36 21

Аннотация

Азиялық ошаған (Agrimonia asiatica Juz) кең таралған жабайы өсімдік. Ол Қазақстан аумағында өсетін өсімдіктер ішіндегі флавоноидтар мен илік заттарды бөліп алу үшін өте маңызды шикізат болып табылады. Бұл белсенді заттар үлкен фармакологиялық қасиетке ие.

    Флавоноидтар және илік заттар барлық өсімдіктер құрамында кездеседі. Олар антигепатоксикалық, антибактериалық, антимутагендік, әртүрлі саңырауқұлақтарға қарсы сондай-ақ қаннның қалпына келуіне, суық тигенге қарсы белсенділігі бары анықталған.

Мақалада азиялық ошағанның (Agrimonia asiatica Juz) өсімдік шикізатындағы илік заттар мен флавоноидтардың сандық және сапалық құрамын анықтау жұмыстарының нәтижелері берілген. Азиялық ошағанның жер үсті бөлігінен алынған сулы сығындыларда илік заттар мен флавоноидтардың болуы сапалық реакциялар арқылы анықталды. Қағаз хроматографиясы үшін әртүрлі айқындауыштар пайдаланылды.

Флавоноидтарды сандық анықтау кверцетин бойынша жүргізілді, ал таниндердің сандық құрамын анықтау үшін перманганатометриялық титрлеудің стандартты әдісі қолданылды. Азиялық ошағанның (A.asiatica Juz.) жапырақтарындағы илік заттардың сандық мөлшері 8,156 %, ал флавоноидтардың сандық құрамы 1,9 % болды.

Біздің жұмысымыздың мақсаты –әрі қарай зерттеу үшін перспективалық объектілерді анықтау мақсатында дайын шөптік дәрілік шикізаттардағы илік заттар мен флавоноидтардың сандық және сапалық құрамын анықтау.

Кілтті сөздер: Азиялық ошаған (Agrimonia asiatica Juz), илік заттар, флавоноидтар, фитохимия

Авторлардың биографисы

Нургуль Мамытова, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Мамытова Нургуль Сабазбековна (корреспонденция авторы) - PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, биотехнология кафедрасының доцент м.а. (Алматы, Қазақстан, e-mail: mamytovanur@gmail.com)

Анар Калиева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Калиева Анар Нургайыповна - PhD, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті биология кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. (Алматы, Қазақстан,e-mail: anar.kaliyeva28@gmail.com)

Галия Медеуова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Медеуова Галия Джумакановна - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) (Алматы, Қазақстан,e-mail: medeuova.galiya96@gmail.com)

Дамежан Садыкова , Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Садыкова Дамежан Әділханқызы - PhD, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті , Биология кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: Sadykovadameli77@gmail.com)

Заида Рахимова , Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Рахимова Заида Сериковна – магистр, биология кафедрасының  аға оқытушысы, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: rahimova.z@qyzpu.edu.kz)

Жүктелулер

Как цитировать

Мамытова, Н. ., Калиева, А., Медеуова, Г., Садыкова , Д. ., & Рахимова , З. (2024). АЗИЯ ОШАҒАНЫ (AGRIMONIA ASIATICA JUZ) ЖАПЫРАҒЫНДАҒЫ ИЛІК ЗАТТАР МЕН ФЛАВАНОИДТАРДЫ АНЫҚТАУ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 80(3). https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v80.i3-011

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ