Автокөліктің Алматы қаласынынң атмосфералық ауасының ластану деңгейіне әсері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v70.i1.04Аннотация
Мақалада Алматы қаласының ауа бассейнінің улы заттар шығарындыларымен ластануына
автокөліктердің әсерін талдау қарастырылған. Әр түрлі көздерден алынған ақпаратты талдау
және өңдеу арқылы атмосфераның автокөлік құралдарымен ластануының себептері мен
ауыр салдары көрсетілді. Қазіргі уақытта Алматы қаласының әуе ортасын ластайтын барлық
канцерогенді заттардың 90% – дан астамы автокөліктердің жыл сайынғы ұлғаюына тиесілі екені
белгілі. Жеңіл және жүк автокөліктерінің қозғалыс қарқындылығының дәрежесі бойынша біздің
зерттеуіміздің нәтижелері Алматыда жеңіл автокөліктердің ең көп саны Райымбек (30,4%),
Рысқұлов (28,1%), Саин (24,3%) және Әл-Фараби (12,8%) даңғылдарына тиесілі екенін көрсетті,
жеңіл автокөліктердің ең аз саны Сейфуллин (5,7%) және Назарбаев (5,5%) даңғылдарында
байқалды. Жүк көліктерінің ең көп саны Рысқұлов (28,1%), Райымбек (24,1%), Саин (22,4%)
және Әл-Фараби (12,7%) даңғылдарына тиесілі және олардың ең аз саны жеңіл автокөліктермен
бірдей, яғни Сейфуллин даңғылы (7,2%) және Назарбаев даңғылы (5,2%). Алматы қаласының
ауа ортасын жақсарту үшін көлік құралдарын экологияландыруға, қаладағы стационарлық
көздерден ауа ортасын ластау бойынша жағымсыз үрдістерді төмендетуге, жеке үйлерді газға
қосуды ұлғайтуға және мегаполистің жасыл желектер алаңдарын кеңейтуге ықпал ететін іс-
шараларды жүзеге асыру қажет.
Түйін сөздер: Алматы, мегаполис, көлік құралдары, әуе бассейні, улы заттар.