Улы химиялық заттардың эксперименттік жануарлардың физиологиялық көрсеткіштеріне әсерін талдау
Улы химиялық заттардың эксперименттік жануарлардың физиологиялық көрсеткіштеріне әсерін талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v70.i1.08Аннотация
Титан және оның қорытпалары заманауи ұшақтар мен зымырандарда, су асты қайықтарында,
теңіз кемелерінде, химия, тамақ өнеркәсібінде, сондай-ақ қазіргі заманғы техниканың басқа
салаларында кеңінен қолданылады. Кеннен титан алу кезінде жұмысшылар титан металының
(Ti) және оның диоксидінің (TiO
2
) шаңыныңа, жоғары уытты химиялық қосылыстарға – титан
тетрахлоридінің газының (TiC1
4
), оның гидролиз өнімдерінің, хлор мен фосген буларының әсеріне
ұшырауы мүмкін. Титан өндірісінің жай-күйінің ағзаға әсері Қазақстанның титан өндіретін ірі
кәсіпорындардың бірі – «Өскемен титан-магний комбинатында» («ӨТМК» АҚ) зерттелді. Магний,
титан және олардың қосылыстары өндірісінің зиянды компоненттерінің ағзаға әсер еткен кездегі
кеміргіштердің мінез-құлық реакцияларын зерттеу үшін «Ашық алаң» сынағы жүргізілді. Бұл тест
шартты-шартсыз рефлекстерді зерттейтін әдістерге жатады. Модельдік объект ретінде салмағы
180-220 грамм болатын жыныстық жағынан жетілген ақ «Wister» егеуқұйрықтары қолданылды.
Жануарлар үш негізгі цехтың аумағына орналастырылды. Тәжірибеге алынған жануарлардың
қозғалыс және эмоциялық мінез-құлқы зерттелді. Қозғалыс белсенділігі локомоция мен олардың
тұрысы сияқты көрсеткіштердің көмегімен, ал груминг пен болюстер (уринация мен дефекация)
саны бойынша эмоциялық белсенділік бағаланды. Жүргізілген эксперимент нәтижесінде
«ӨТМК» АҚ цехтарының аумағында орналасқан жануарлардың физиологиялық көрсеткіштерінің
өзгерістерінің бірбағыттылығы анықталды, ал физиологиялық процестердің сандық сипаттамасы
әртүрлі – №1 цехта («Магний» цехы) айқын, ал №3 цехта («Титан губкасы» цехы) шамалы болды.
Түйін сөздер: титан-магний өндірісі; эксперименттік жануарлар, қимыл белсенділігі,
эмоционалдық белсенділік.