Өскемен аумағында өсірілген көкөніс дақылдарын экологиялық бағалау
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v71.i2.02Аннотация
Бұл зерттеу жұмысында өнеркәсіптік қала аумағында өсірілген көкөніс дақылдарына экологиялық баға берілген. Химиялық талдауға картоп түйнегі, қызылша тамыры, сәбіз, орамжапырақ және қызанақ іріктелді. Сынамалар қаланың ластану деңгейі әртүрлі аймақтарынан алынды – солтүстік индустриялық аймақтан, солтүстік-шығыс өнеркәсіптік аймақтан, орталық тұрғын үй аймағынан, қала маңындағы аймақтан. Көкөніс дақылдарының дайындалған үлгілерінде ауыр металдардың – Zn, Pb, Cu, Cd мөлшері анықталды. Химиялық талдау нәтижелері Өскемен топырағында өсірілетін көкөністер зерттеліп отырған ауыр металдардың құрамы бойынша айтарлықтай ерекшеленетінін және кейбір аудандарда гигиеналық нормадан асып түсетінін көрсетті. Айта кету керек, топырақтағы ауыр металдардың жоғары концентрациясы өсімдік өнімдерінде толығымен көрінеді. Қызылша мен сәбіз ауыр металдарды жақсы жинақтайды, ал қызанақ оларды аз мөлшерде жинайды екен. Бау-бақша дақылдарында кадмий мен қорғасынның жоғары концентрациясы табылған. Бұл мақалада көкөніс дақылдарындағы ауыр металдардың өзгеру шегі берілген, жинақталу коэффициенттері мен биологиялық сіңіру коэффициенттері есептелген. Жергілікті жағдайларда ұзақ уақыт өсірілген, құрамында ауыр металдардың жоғары мөлшері бар бақша дақылдарын жеу, олардың бірте-бірте ағзада жинақталып, нәтижесінде тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Түйін сөздер: ауыр металдар, топырақтың ластануы, көкөніс дақылдары, экологиялық бағалау.