Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бірнеше популяцияларынан алынған грек жаңғақ үлгілерін криобанкте сақтау
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v71.i2.07Аннотация
Грек жаңғағы (Juglans regia L.) – экономикалық маңызды жаңғақ культурасының бірі болып табылады. Қазақстанда жабайы өсетін грек жаңғағының популяцияны еліміздің оңтүстігінде тіркелген және Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында қорғауға алынған. Экспедициялардың нәтижесінде 2018-2019 ж. Халықаралық өсімдіктердің генетикалық ресурстар институтының (International Plant Genetic Resources Institute) дескрипторлары бойынша Juglans regia-ның 136 түрі сипатталды, жаңғақтардың мөлшері, пішіні мен салмағы, ядро шығымдылығы, қабықтың түсі мен құрылымы бойынша өте әртүрлі грек жаңғағының 73 түрінің жемістері жиналды. Juglans regia биоәртүрлілігін сақтау үшін оқшауланған ұрықтық осьтерді эффективті криоконсервациялау әдісі әзірленді. 0,1% сулема ерітіндісімен бетін дезинфекциялап, стерильді дистилденген сумен шайғаннан кейін ұрықтық осьтерді ламинар бокстің ішінде стерильді ауа ағынында 1 сағат бойы 12,1% салыстырмалы ылғалдылыққа дейін кептірілді сосын криопробиркаға салып сұйық азоты бар дьюар сауытына батырылды. Ұрықтық осьтердің 72,4% криогенді сақтаудан кейін Драйвер-Кунюки қоректік ортада 1 мг/л 6-бензиламинопурин және 0,01 мг/л индолилмай қышқылы бар өсімдік регенерациясы байқалды. 73 грек жаңғақ үлгісінің криогендік коллекциясы жасалды. Қазақстанда өсетін Juglans regia тұқымының генетикалық материалы алғаш рет криогендік банкте -196°С температурада сақталды.
Түйін сөздер: Juglans regia L., грек жаңғағы, криоконсервация, криобанк, оқшауланған ұрықтық осьтер
