Солтүстік Қызылқұмда өсетін шаруашылыққа құнды түрлер және оларды практикалық қолдану үшін маңызы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v71.i2.08Аннотация
Қазақстанда өсімдік биоалуантүрлілігінің бірегей генетикалық ресурстары шоғырланған. Экономикалық маңызды түрлер пайдалылығы аз немесе белгісіз таксондармен салыстырғанда Жер құрылымына айтарлықтай үлес қосады, Қазақстанның көптеген шаруашылық-құнды түрлерінің әлемдік маңызы бар. Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы аумағында Солтүстік Қызылқұмның шаруашылық-бағалы түрлерін анықтау болып табылады. Зерттеу объектілері мен әдістері: түрлерді жинау және анықтау үшін классикалық ботаникалық, маршруттық-рекогносцировкалық; экологиялық-жүйелік; экологиялық-географиялық әдістер пайдаланылды. Солтүстік Қызылқұм флорасының экономикалық тұрғыдан құнды түрлерінің пайдалы өсімдіктерінің негізгі топтары айқындалды: ағаштар, дәрілік, жемшөп, сәндік, техникалық түрлер. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының солтүстік Қызылқұмда 62 тұқымдасқа жататын 310 шаруашылық құнды түрі кездесетіні анықталды. Жіктеу нәтижесі бойынша басым тұқымдастар: Poaceae Barnhart – 34 туыс, 58 түр; Asteraceae Dumortier – 24 туыс, 46 түр; Chenopodiaceae Vent. – 19 туыс, 30 түр; Fabaceae Juss. – 11 туыс, 23 түрі анықталды. Маңызды құнды белгілері бойынша талдау нәтижесінде 200 түр – дәрілік, 100 түр – жемшөптік, 22 түр сәндік, 11 түр құм ұстайтын, 9 түр отынға пайдаланылатыны нақтыланды. Экономикалық құнды түрлердің тіршілік формалары бойынша жіктелуіне сәйкес: ағаштар 6 түр Salix alba L., Populus diversifolia Schrenk, P. pruinosa Schrenk, Acer negundo L., Elaeagnus angustifolia L., Haloxylon persicum Bunge ex Boiss, 44 түр жартылай бұталар мен бұталар, 155 түр көпжылдық, 105 түр екі жылдық және бір жылдық өсімдіктер екенін көрсетті.
Түйін сөздер: шаруашылық құнды түрлер, Солтүстік Қызылқұм, жем-шөп, дәрілік, пайдалы, сәндік.