Дәстүрлі энергетикадан жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) көшу: Ерейментау жел элекстростанциясы (ЖЭС) мысалында парниктік газдар шығарындыларын азайтудағы ЖЭК-тің үлесін бағалау

Авторлар

  • М. Т. Kozhikov Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.
  • B. А. Irasylova Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v72.i3.03
        124 110

Аннотация

Қазақстан халықаралық дәрежедегі жасыл энергетиканы құру үшін жоғары әлеуетке ие, бірақ қазіргі уақытта баламалы энергия көздері әртүрлі техникалық, әкімшілік, әлеуметтік және экономикалық себептерге байланысты аз көлемде пайдаланылады. Бұл мақала Қазақстанда жалпы өндірілетін электр энергиясынан ЖЭК-тен алынатын электр энергиясының үлесін талдауға арналған, ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясының мөлшері бағаланған. Сондай-ақ, осы жұмыста Ерейментау қаласындағы қуаты 45 МВт Қазақстандағы ең ірі жел энергетикалық станциясының мысалында парниктік газдар шығарындыларын азайтуды бағалау жүргізілді. Салыстыру әдісі арқылы елдің энергетикалық балансындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесі бағаланды. ҚР статистикалық деректеріне сәйкес, 2016-2021 жылдары ЖЭК объектілері арқылы электр энергиясын өндіру бойынша жыл сайынғы деректер салыстырылды. ЖЭК объектілерінде парниктік газдар шығарындыларын азайтуды есептеу әдістемесі ретінде пайдаланылуы мүмкін базалық сценарий негізінде парниктік газдар шығарындыларын қысқартуды есептеуге арналған әдіснамалық тәсіл ұсынылды. ЖЭК жобаларын іске асыру нәтижесінде парниктік газдар шығарындыларының қысқаруын бағалау тұтастай алғанда елдің ұлттық көміртегі балансын есептеу үшін де, осы жобаларды іске асыру нәтижесінде берілетін көміртегі бірліктерін дәл есептеу үшін де маңызды. Ерейментау қаласындағы жел электр станциясы ҚР-дың алға қойылған мақсаттарына қол жеткізуіне – ЖЭК үлесін арттыруға және көміртегі диоксиді шығарындыларын азайтуға көмектеседі.

Түйін сөздер: жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК), шығарындылардың қысқаруы, жел электр энергиясы, парниктік газдар, шығарындылар коэффициенті.

Жүктелулер

Как цитировать

Kozhikov М. Т., & Irasylova B. А. (2022). Дәстүрлі энергетикадан жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) көшу: Ерейментау жел элекстростанциясы (ЖЭС) мысалында парниктік газдар шығарындыларын азайтудағы ЖЭК-тің үлесін бағалау. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 72(3), 33–40. https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v72.i3.03

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ