Атырау қаласының бақылау пункттерінде қысқы кезеңде күкіртсутегі құрамының мониторингісі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v72.i3.04Аннотация
Мақалада 2021-2022 жылғы қысқы кезеңде Атырау қаласының ауасындағы күкіртсутектің құрамына мониторинг бойынша талдау жүргізілді. Аталған зерттеудің мақсаты соңғы жылдары антропогендік әсер нәтижесінде артып келе жатқан Атырау қаласының ауа ортасындағы күкіртсутектің құрамын зерттеу болып табылады. Мониторинг нәтижелері Қазгидрометтің бақылау пункттерінің деректері бойынша талданды, оның ішінде 15 бақылау пункті бар. Зерттеу мониторингі 15 бақылау пунктінің арасында барлық үш қыс айында күкіртсутегі құрамының рұқсат етілген шекті шоғырлануының артқаны байқалатынын көрсетті, алайда неғұрлым жоғары құрам желтоқсан және ақпан айларында байқалатынын, ал қаңтарда бұл деректер ШЖК-ға жақын екенін байқауға болады. Әсіресе жоғары көрсеткіштер АМӨЗ-ге жақын орналасқан пункттерге тән, бұл күкіртсутектің негізгі көзі болып табылады. Бұл ретте, күкіртсутегі бойынша ШЖК артуы және қала аумақтарындағы пункттерде 5-15 еседен асады. Атырау мұнай өңдеу зауытында күкіртті сутек шығарындыларының әсер ету мониторингін оңтайландыру жолындағы маңызды қадам атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізу және қазіргі заманғы технологиялар мен шаң мен газ тазалау жабдықтарын енгізу болып табылады. Сонымен қатар, Атыраудағы кәріз жүйесін қайта жаңартуға және күрделі жөндеуге бағытталған шаралар нәтижесінде күкіртсутектің шығарылуын азайтуға болады.
Түйін сөздер: ауадағы күкіртсутек, Атырау, мониторинг, қысқы кезең, Қазгидрометтің бақылау пункттері.