Сирек, дәрілік Adonis Tianschanica (Adolf) Lipsch. Түрінің таралу аймағындағы табиғи-климаттық жағдайдың өзгерістеріне мониторинг
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2022.v72.i3.08Аннотация
Мақалада сирек, дәрілік Adonis tianschanica Lipsch (Adolf). түрінің таралған аймақтарындағы климаттық өзгерістерді геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) әдісінің көмегімен мониторинг жүргізілген. Түр таралған аймақтар: популяция 1 – Кеген асуы, популяция 2 – Жоңғар Алатауы (Текелі), популяция 3 – Теріскей Алатауы. Мақалада климатты сипаттайтын 19 түрлі мәліметтер базасы қарастырылған және барлық дерекқорлар базасына сілтеме берілген. Дерекқорлар базасының екеуін салыстыру үшін CHELSA 2.1 (CА) мен WorldClim v1, v2 (WC) таңдап алынды. Деректер базасының сипаттамасында кеңістіктік ақпарат (деректердің рұқсаттылығы мен кеңістіктік масштабы), кезеңдер (қамтылатын кезеңдер мен деректер жиілігі), негізгі маңызды климаттық ақпараттар (температура, жауын-шашын) есепке алынды. Деректер жиынтығы айлар бойынша қол жетімді болғанда, салыстыру үшін ұзақ мерзімді орташа мәндер есептелді (1980-1999, 2000-2018 жж.). Карталар санын азайту үшін тек жылдық мәндер салыстырылды. Орташа ауа температурасы және жауын-шашынның түсу мөлшері бойынша осы кезеңдерден (1980-1999, 2000-2018 жж.) 2 мәліметтер база бойынша 16 карта құрылды, оларда келтірілген мәліметтер салыстырылды және баға берілді. Ауа температурасы бойынша – орташа және орташа максималды, айырмашылықтардың пайыздық көрсеткіштері, максималды, минималды температуралар жайлы ақпараттар берілді. Жауын-шашын мөлшері бойынша 1980-1999, 2000- 2018 жж. аралығындағы – орташа жауын-шашынның түсу мөлшерінің мәндері келтірілді. Мұндай салыстыру дерекқорды тексеру емес екенін айта кетуіміз керек. Эксперттік білімге сәйкес тиісті үлестірімі бар айнымалыларды ғана салыстырып, ұсына аламыз және басқалардан айтарлықтай ерекшеленетін мәліметтер базасынан аулақ бола аламыз (мысалы, температура үшін WorldClim v2).
Түйін сөздер: Adonis tianschanica Lipsch (Adolf), эндем, популяция, климат, Жоңғар Алатауы, Теріскей Алатауы, температура, жауын-шашын.