ҚОШҚАР-АТА ҚАЛДЫҚ ҚОЙМАСЫ СУЫНЫҢ САНДЫҚ БУЛАНУЫ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v78.i1.03Аннотация
Бүгінгі таңда жинақталған қалдықтардың көлемі 105 млн. тоннадан асатын «Қошқар Ата» қалдық қоймасының құрғақ бетінен желмен улы шаңды таратуы кезінде жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарының денсаулығына ықтимал қауіп төндіреді. Қазіргі уақытта өндіріс қарқынының төмендеуіне байланысты кептірілген қалдықтарының едәуір бөлігі ашылып, "шаңды жағажайлар"пайда болды. Қалдық қоймаларының теріс әсерін азайту және экологиялық жағдайды жақсарту үшін жоғары экологиялық және экономикалық тиімді шешімдерді әзірлеу және енгізу қажет. Су фазасының деңгейін және шаңды "жағажайларды" тұрақтандыру мәселелерін шешу күрделі және пайдалану шығындары тұрғысынан күрделі техникалық шешімдер болып табылады.Мақалада Қошқар-Ата қалдық қоймасының булану жылдамдығын анықтау бойынша эксперименттік және есептік зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Әдеби деректерге сәйкес Маңғышлақ облысы өңірлерінің орташа жылдық ауа температурасы +9,05°С. Эксперименттік зерттеулер нәтижесінде минералды тұздардың құрамына қарамастан судың булануының температураға тікелей тәуелділігі және ауа температурасы мен судың температурасы +9°С-қа тең болған кезде Қошқар Ата қалдық қоймасы суының орташа булану деңгейі 0,3 см құрайтыны анықталды.
Соңғы он бес жылдағы есептеулер бойынша "Қошқар-Ата" қалдық қоймасының тұндырылған тоғанында булануға және сүзуге судың шығыны жылына 1,201 м құраған. Сүзгі суларының үлесі шығындардың жалпы көлемінің шамамен 9-10% құрайды деп болжауға болады, содан кейін бұл шығындар биіктігі бойынша 0,106 м, яғни жалпы шығын деңгейінің 8,8% құрайды.
Тірек сөздер: Қошқар ата қалдық қоймасы, негативті әсерлер, су температурасы, судың булануы, қалдық беті, ұсақ шаң, желдету.