ТИТАН ҚОЖЫНЫҢ ШАҢЫНЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТЕГІ БИОХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v78.i1.06Аннотация
Шығыс Қазақстан облысындағы, атап айтқанда Өскемен қаласындағы титан-магний комбинаты Қазақстандағы ең озық кәсіпорындардың бірі және шикізат өндіру, металдарды алу әдістемесі және алынатын өнімнің сапасы бойынша ТМД-дағы жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады. Әдебиетте ағзаның кәсіби стресске реакциясын биохимиялық зерттеу бойынша материалдар жоқ екенін ескере отырып, біз тәжірибелік жұмыс жасадық, атап айтқанда жануарларға титан қожының шаңын ингаляциялық енгізумен тәжірибе жасадық. Зертханалық жануарлардың ағзасына негізгі қолайсыз факторлардың бірі, шаң факторы әсер еткенде қанның азот алмасуының және оксипролиннің бөлінуінің көрсеткіштерін зерттеу. Тәжірибе титан қожының шаңын енгізу арқылы жүргізілді, ал бақылау жануарларына тұзды ерітінді енгізілді. Қанның азот алмасуының көрсеткіштерін бағалау несепнәр, қалдық азот, креатинин, тәуліктік зәрдегі оксипролин мөлшері, сондай - ақ ішкі ағзалардың цито-морфологиялық зерттеулері сияқты көрсеткіштердің көмегімен анықталды. Жүргізілген эксперимент нәтижесінде бүйректегі цитоморфологиялық өзгерістермен несептегі азотты қан мен оксипролин алмасуының көрсеткіштеріндегі өзгерістердің бір бағыты анықталды.
Кілт сөздер: титан-магний өндірісі, зертханалық жануарлар, азотты қан алмасуының көрсеткіштері, оксипролин және цито-морфологиялық деректер.