Қытайдан алынған ағаштарды Солтүстік Қазақстан аумағындағы тәлімбақта жерсіндіру
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v74.i1.07Аннотация
Мақалада Қазақстан мемлекеті астанасының айналасында шетелден әкелініп жерсіндірілген ағаштарға жүргізілген мониторинг нәтижелері жариялануға ұсынылды. Зерттеу барысында Ақмола облысының солтүстік аумағындағы «Ақкөл» Орман шаруашылық мемлекеттік мекемесінің тәлімбағында (питомнигінде) Қытай мемлекетінен әкеліп отырғызылған ағаш өсімдіктеріне мониторинг жүргізілді. Экспериментте зерттеу нысаны ретінде өсімдіктер тобы: Бунге шағаны (Fraxinus Bungeana); Американдық шаған (Fraxinus Americana); Евфрат терегі (Populus Euphratica) алынды. Олардың бейімделу деңгейі түрлі көрсеткіштер арқылы салыстырылды. Осы ағаштардың таксациялық-биометриялық көрсеткіштері 60,1; 47,7; 22,3 пайызды құрайды. Алынған өсімдіктердегі фотосинтез құбылысының белсенділік деңгейі Populus Euphratica (0,63 мкг/г) ең төменгі, Fraxinus Americana (0,76±0,01) орташа, Fraxinus Bungeana (0,80 мкг/г) ең жоғарғы болып тіркелді. Фотохимиялық белсеңділіктің анықталуы ағаштардың жапырақтарында жүргізілді. Ағаш өсімдіктерінің жаңа ортаға төзімділігі олардың жапырақ пластинасында ауыр металлдардың жинақталу мөлшері қаралды. Нәтижесінде, мыстың концентрациясы жоғары болған американдық, Бунге шағандары. Темірдің концентрациясы барлық ағаш түрлерінде жоғары. Демек, бұл элементтің жапырақ пластинасында сиымдылық деңгейі өте жоғары екені байқалды. Қорғасын мен мырыштың нысандардағы жиналу көрсеткіштері шекті концентрациядан аспады. Қорытындылай келе, ауыр металлдар әр ағаш түрінде әртүрлі концентрацияды жинақталады. Алайда, осы экологиялық факторға ең тұрақты болған Populus Euphratica, ал Fraxinus өкілдерінің арасында өте сезімтал болған Fraxinus Bungeana. Жалпы, Нұр-Сұлтан қ. айналасында шетелден әкелініп жерсіндірілген ағаштардың бейімделуі әрқалай болып тіркелсе де, Populus Euphratica тұрақтылығы жоғарылау, ал ең сезімтіл Fraxinus Bungeana болғаны байқалды. Жалпы, зерттеуімізде жерсіндірілген ағаштарға қысқа мерзімді мониторинг жүргізу алгоритмі жасалды және ол декоративті өсімдіктердің биоалуантүрлілігің сақтауға ықпал етеді.
Түйін сөздер: Қытай, ағаш өсімдіктері, Солтүстік Қазақстан, тәлімбақ, жерсіндіру, фотосинтез, ауыр металлдар