ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ ҚЫШҚЫЛДА ЕРИТІН ФОРМАСЫНЫҢ МӨЛШЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v77.i4.01

Аннотация

Бұл ғылыми жұмыста ірі өнеркәсіптік орталығының топырақтарындағы ауыр металдардың қышқылда еритін түрінің  зерттеу нәтижелері берілген. Химиялық талдау үшін ластануы бойынша әртүрлі қаланың аудандарынан: солтүстік өнеркәсіптік аймақтан, солтүстік-шығыс өнеркәсіптік аймақтан, орталық тұрғын аймақтан, қала маңы аймақтарынан сынамалар алынды. Дайындалған топырақ үлгілерінде Zn, Pb, Cu және Cd мөлшері анықталды.

Химиялық талдау нәтижелері бойынша зерттеліп отырған ауыр металдардың қышқылда еритін формасының орташа концентрациясы фондық мәндерден жоғары екені анықталды. Топырақтағы ауыр металдардың қышқылда еритін формасының мөлшері металдың жалпы қорына және топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты екенін атап өткен жөн. Осылайша, ауыр металдардың жылжымалы түрлерінің максималды мөлшері шалғынды-қара топырақта, ал ең азы оңтүстік қара топырақтарда табылды. Қарастырылып отырған аумақ үшін ауыр металдардың мозаикалық құрамы анықталған. Жалпы алғанда Өскемен топырағындағы ауыр металдардың қышқылда еритін түрі мырыш-кадмий геохимиялық мамандануымен сипатталады.

Орталық тұрғын аймақтың және солтүстік-шығыс өнеркәсіптік аймақтың топырақтары орташа ластануға жатады, солтүстік өнеркәсіптік аймақтың топырақтары өте ластанған, ал шығыс шет аймақтарының топырақтары ластанудың қолайлы деңгейінде екені анықталды.

Негізгі сөздер: топырақ, ауыр металдар, қоршаған ортаның жағдайын бағалау, топырақтың ластануы.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-29

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ