Қорғасын өндірісі қалдық сақтау қоймасының атмосфераға әсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v75.i2.02
        133 137

Аннотация

Бұл мақалада қорғасын өндірісі қалдық сақтау қоймасынан ауаға көтерілетін қож шаңдарының қоршаған ортаға әсері мен ондағы зиянды заттардың таралуына жел бағыттары мен жел жылдамдықтарының әсері қарастырыла отырып, атмосфераға көтерілетін зиянды заттардың сейілу диаграммасы көрсетілген экологиялық картасы жасалынды. Бұл картада ластау көздерінен шығатын зиянды заттардың атмосфера ауасында шектік рұқсат етілген концентрациялар шамасына дейін сейілу қашықтығын анықтау мақсатында сейілу қашықтығына жергілікті жердің гидрометеорологиялық ерекшеліктері және жер бедерінің әсерлеріне талдау жасау үшін, сонымен бірге көрші өндіріс орындарынан атмосфера ауасына шығарылатын аттас зиянды заттардың қарастырылып отырған ластаушы заттар концентрацияларын қаншалықты арттыратындығы бағаланды. Ластау көздерінен атмосфера ауасында сейілу диаграммасы бейнеленген аумақты қамтитын зиянды заттардың таралу радиусының шамасы ластау көздерінің параметрлеріне, гидрометеорологиялық жағдайға және жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты анықталды. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында қалдық сақтайтын қойма маңындағы ағаш діңдерінде өсетін қыналарға, яғни оларды мөлдір жақтаулардың көмегімен санағаннан кейінгі алынған мәліметтер кесте түрінде жинақталып, ластау көзі орналасқан жер аумағы ауасының сапасы анықталды. Шымкент қаласындағы қорғасын зауытының қож сақтайтын қоймасы бетінен желді күндері атмосфера ауасына көтерілетін шлак шаңымен ауаның ластануын лихеноиндикациялық әдіспен бағалау арнайы классификациялық мәліметтер мен  ластанбаған аудан ағаштарындағы қыналар жабындарымен салыстыру арқылы бағаланды.    

Түйінді сөздер: Атмосфералық ауа, ластау көздері, қалдық сақтау қоймасы, жел жылдамдығы, шекті рауалы концентрация, кен байыту қалдықтары, сейілу қашықтығы, зиянды заттар концентрациялары, қож қалдықтары, зиянды заттардың максимал концентрациясы, қорғасын өндірісі қалдық сақтау қалдықтары, лихеноиндикациялық әдіс.

Жүктелулер

Как цитировать

Darіbаyеv Z., А.N. Kutzhan А., Ikramov, I., & Issаеv G. (2023). Қорғасын өндірісі қалдық сақтау қоймасының атмосфераға әсері. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 75(2). https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v75.i2.02

Шығарылым

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ