Алматы облысының ыстық су көздерінен бөлініп алынған цианобактериялық қауымдастықтың морфологиялық және дақылдық қасиеттерін зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v75.i2.010
        99 85

Аннотация

Термофильді цианобактериялардың түрлік құрамын анықтау және аксеникалық дақылдарын бөліп алу үшін Алматы облысы Шонжы елді мекенінде орналасқан төрт ыстық су көздерінен алынған цианобактериялардың әртүрлілігі зерттелді. Бұл зерттеудің мақсаты Шонжы ыстық су көздеріндегі термофильді цианобактерияларының алуан түрлілігін, морфологиялық және дақылдық қасиеттерін зерттеу және оларды өнеркәсіптік биотехнологияда қолдану үшін аксеникалық дақылдар қатарына енгізу болды, себебі бұл организмдер ғылыми тұрғыдан қызықты және термотұрақты биомолекулалардың көзі ретінде құнды. Зерттеу нәтижесінде цианобактериялардың 8 аксеникалық дақылдары бөлініп алынып, морфологиялық ерекшеліктеріне қарай олар Oscillatoria subbrevis, Phormidium ambiguum, Nostoc commune, Synechococcus elongatus, Synechocystis sp., Tolypothrix tenuis, Anabaena cylindrica және Spirulina fusiformis ретінде анықталды. Сонымен қатар, оларды дақылдаудың оптималды жағдайлары анықталды: бөлініп алынған цианобактерия дақылдарының жоғары өсуі BG-11, Заррук және Громов қоректік орталарында рН 7 кезінде 28-36°С оптималды температурада және 50 мкмоль м−2 с−1 жарық қарқындылығында байқалды.

Кілт сөздер: ыстық су көздері, термофилдер, цианобактериялардың алуан түрлілігі, оқшауланған аксеникалық дақылдар, морфологиялық және дақылдық қасиеттері, өсіру жағдайларын таңдау, өсу динамикасы.

Жүктелулер

Как цитировать

Sandybayeva, S., Bolatkhan, K., Kakimova, A., Toktybay, A., Akhmetova, G., Salauat, D., Amangeldin, M., & Zayadan, B. (2023). Алматы облысының ыстық су көздерінен бөлініп алынған цианобактериялық қауымдастықтың морфологиялық және дақылдық қасиеттерін зерттеу. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 75(2). https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v75.i2.010

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ