N8 типті тұмау вирусының нейраминидаза ингибиторларына төзімділік маркерлеріне скрининг
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v75.i2.011Аннотация
Тұмауға қарсы вакцинация және вирусқа қарсы препараттармен емдеу ауруға шалдығу және тұмаудың таралу қаупін азайтады. Вирусқа қарсы препараттар тұмау індетінің бастапқы кезеңінде қажет. Бүгінгі таңда нейраминидаза ингибиторлары - осельтамивир және занамивир, тұмау вирусын тудырған инфекциялармен күресудің негізгі қол жетімді емдік нұсқалары болып табылады. Нейраминидазадағы (NA) аминқышқылдарының алмасуына байланысты құс тұмауы вирустарының нейраминидаза ингибиторларына төзімді болуы қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі проблемасы болып табылады. Тұмау вирустарының қазіргі уақытта қол жетімді иммундық жауап ингибиторларына сезімталдығын анықтау негізінде зерттеулердің және пандемияға дайын болу қаупін бағалаудың маңызды бөлігі болып табылады. 2021 жылғы құс тұмауы вирусының қазақстандық А/wild goose/Kostanai/KZ/83/2021 (H5N8) штаммының NA аминқышқылдарының құрамында G147V аминқышқылды алмасуы, тұмау вирусының нейраминидаза ингибиторы - занамивирге сезімталдығы анықталды. Ақуыздың белсенді орталығында орналасқан құс тұмауы вирусының қазақстандық А/wild goose/Kostanai/KZ/83/2021 (H5N8) штаммының NA-да анықталған G147V мутациясы вирустың биологиялық қасиеттеріне әсер етуі мүмкін. A(H5N8) тұмауы вирустарының нейраминидаза ингибиторларының әсеріне сезімталдығының төмендеуін тудыратын басқа алмастырулар табылған жоқ.
Түйін сөздер: тұмау вирусы, субтип, нейраминидаза ингибиторлары, амин қышқылының алмасуы.