АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ФЛОРАСЫНДА APIACEAE LINDL ТҰҚЫМДАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v77.i4.010Аннотация
Мақалада Алматы облысының аумағында Apiaceae Lindl. тұқымдасы бойынша әдеби көздер мен гербарий коллекцияларын өңдеу нәтижелерінің деректері келтірілген, онда гербарий үлгілерімен расталған 57 туыстың 127 түрі анықталған. Алматы облысының флорасында Apiaceae жетекші тұқымдастардың бірі болып табылады және 11 орынға ие. Зерттелетін аймақтың Apiaceae тұқымдасының жүйелі талдауы түрлер саны бойынша ең үлкен тұқымдастар Ferula (26 түр), Seseli (13 түр), Prangos (8 түр), Bupleurum (7 түр), Aulacospermum (4 түр), Aegopodium (3 түр), Sium (3 түр), Heracleum, Sium, Hyalolaena (әрқайсысы 3 түрден), Eryngium, Anthriscus, Schrenkia, Angelica, Bunium, Cuminum, Schulzia, Conioselinum, Semenovia (әрқайсысы 2 түрден), басқа туыстарында 1 түрден кездеседі. Олардың ішінде 15 эндемикалық түрі, Қазақстанның Қызыл кітабына 10 түрі енгізілген (2014 ж.). Көптеген түрлер Қазақстанда және Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан аудандарда кең таралған. Гербарий қорларының материалдары зерттелді: AA, MW, TK.
Облыстың әкімшілік аудандары бойынша қолшатыр түрлерінің тізімі, сондай-ақ Алматы облысының Қызыл кітабына енгізуге перспективалы түрлер келтірілген, олардың мекендейтін жерлері өте шектеулі, яғни олар жиі және сирек кездеседі.
Кілттік сөздер: Apiaceae тұқымдасы, түр, туыс, систематика, экология және Алматы облысы.