ЖЕТІСУ ТҰЗДЫ ЖӘНЕ СОДА КӨЛДЕРІНІҢ ЖАҒАЛАУ АЙМАҚЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ (АЛАКӨЛ, САСЫҚКӨЛ, ЖАЛАНАШКӨЛ, БАЛХАШ ЖӘНЕ ҮШКӨЛ КӨЛДЕРІ МЫСАЛЫНДА)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v76.i3.04Аннотация
Жетісу шөлді аймағында жайылымдардың өсімдік жамылғысы аз және олардың жемдік құндылығы өте төмен. Бұл жағдай құрғақ климатқа байланысты. Жауын-шашын мөлшері жылына 120-150 мм-ден аспайды, олардың көпшілігі күзгі-қысқы уақытта түседі. Жаз өте құрғақтықпен сипатталады соңғы жылдары дамып келе жатқан аумақтың шөлейттенуі, топырақтың тұздану процестері шөлді жайылымдардың өнімділігін одан әрі төмендетеді. Бұл жағдайда шөлді аймақта орналасқан көлдердің жағалау белдеуінің өсімдік жамылғысы қызығушылық тудырады. Көлдердің жағалау белдеулері ылғалмен қамтамасыз етілген және өсімдіктері жақсы дамыған. Бірақ барлық жерде көлдердің жағалау аймағының өсімдіктері бірдей дамымайды және ол эдафикалық жағдайларға байланысты болады. Сондықтан шөлді аймақта орналасқан көлдердің жағалау белдеуінің топырағын зерттеу бізге өзекті болып көрінеді. Зерттеудің мақсаты Жетісу шөлді аймағының тұзды және сода көлдерінің жағалау белдеуінің өсімдік жамылғысының өнімділігі мен жемшөп құндылығын арттыру үшін дамуының эдафикалық жағдайларын зерттеу болып табылады. Зерттеу жүргізу үшін далалық (салыстырмалы-географиялық, картографиялық, маршруттық-барлау) және зертханалық зерттеу әдістері қолданылды. Алыңған нәтижелер негізінде зерттелініп отырға аумақта сортаңданбаған топырақтар (Жалаңашкөл, Үшкөл көлдерінің жағалаулық топырақтары), аздаған сортаңды (Балқаш, Сасықкөл көлдерінің топырақтары) және жоғары сортаңды (Алакөл көлінің жағалауының топырақтары) топырақтардың бар екені анықталды. Тұзданудың негізгі түрлері сода-сульфатты және хлоридті-сульфатты болып табылады. Алынған нәтижелер Жетісудың жер жамылғысын мониторингтік зерттеу және кешенді бағалау үшін негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін. Зерттеу нәтижелері сонымен қатар тұздану жағдайында топырақ-өсімдік жамылғысының деградация дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.
Кілттік сөздер: ақ сортаң батпақтар, тұзды батпақтар, агрохимиялық талдау, су сорғыш, жоғары – су және жағалау-су өсімдіктері, тұзды көлдер, сода көлдері.