ЕДІЛ МЕН ЖАЙЫҚ ӨЗЕНАРАЛЫҒЫНДА АҚБӨКЕНДЕРДІ ӨНДІРУ ПАРАМЕТРЛЕРІН АНЫҚТАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v76.i3.06
        113 80

Аннотация

Зерттеу Еділ мен Жайық өзендер аралығындағы ақбөкендерді өнеркәсіптік өндіру әдіснамасының ғылыми негіздемесіне арналған, олардың саны 2022 жылдың көктемгі есебінің нәтижелері бойынша 801 мың басқа жетті, бұл, мысалы, осы аумақта жайылып жүрген қойлар мен ешкілердің санымен салыстыруға болады (752,3 мың бас). Түрлердің (ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы және түйе) санын және бір басына шаққандағы жайылымдық норманың орташа жылдық аудаңын ескере отырып, жайылымдық алқаптардың өңірлік ресурстық әлеуетін (сыйымдылығын) айқындау нәтижелері келтірілген. Шөпқоректі жануарлар санының өзін-өзі реттеуі жүзеге асырылатын осы аймақтағы жайылымдарды кең көлемде пайдаланумен сипатталатын екі кезең салыстырылды: дәл осы аумақтарды алып жатқан Бөкей хандығының дәуірінде (1838 ж.) және жеке шаруа қожалықтарының қалыптасуының қазіргі кезеңінде (2022 ж.). Бұл аумақта барлығы 2,0 миллионға дейін үй жануарлары жайылды, ал қазіргі кезеңде олардың саны 1839 жылмен салыстырғанда 1,5 есе аз. 1839 жылы орта есеппен 10 миллион гектарға жуық жайылымдық жерлер (әр түрдің жайылым нормасын ескере отырып), ал 2022 жылы шамамен 8,1 млн. га қажет екендігі анықталды. Бұдан басқа, қазір ақбөкендер үшін тағы 1,5 млн. га жайылымдық жерлер қажет. Бұл ретте зерттелетін аумақтың жалпы ауданы шамамен 12,3 млн. га құрайды. Көріп отырғанымыздай, ұсынылған әдістеме Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы жайылымдық жерлердің сыйымдылығы туралы әртүрлі кезеңдерде салыстырмалы нәтижелерді көрсетеді, бұл оны ақбөкендердің санын жасанды реттеудің эмпирикалық емес, математикалық есептеулері үшін пайдалану мүмкіндігін көрсетеді. Сонымен қатар, оларды өнеркәсіптік өндіру кезінде климатогендік трансформацияға ұшырайтын табиғи ортаның (азық пен судың) шектеуші факторларының өзгергіштігін ескеру қажет.

Түйін сөздер: Орал популяциясының ақбөкендері, жануарларды аулау, жайылым сыйымдылығы, ауыл шаруашылығы жануарлары.

Жүктелулер

Как цитировать

Akhmedenov, K., & Sapanov, M. (2023). ЕДІЛ МЕН ЖАЙЫҚ ӨЗЕНАРАЛЫҒЫНДА АҚБӨКЕНДЕРДІ ӨНДІРУ ПАРАМЕТРЛЕРІН АНЫҚТАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 76(3). https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v76.i3.06

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ