ІЛЕ АЛАТУЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒЫС БӨЛІКТЕРІНДЕ ROSA POTENTILLIFLORA CHRSHAN. ET. M. POP. ӨСІМДІГІ КЕЗДЕСЕТІН ӨСІМДІКТЕР ҚАУЫМДАСТЫҚТАРЫНЫҢ ТОПЫРАҚ ЖАБЫНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v81.i4.a6Аннотация
Мақалада Іле Алатауының орталық бөлігінің, солтүстік беткейіндегі Турген шатқалының орманды белдеуі және осы тау жотасының шығыс бөлігі болып табылатын Торайғыр, Сөгеті аласа тау жоталарында Rosa potentilliflora Chrshan. et. M. Pop. өсімдігі кездесетін өсімдіктер қауымдастықтарының топырағына жүргізілген зерттеулердің нәтижелері берілген. Зерттеу аймағының жерлердің теңіз деңгейінен биік жатуына байланысты олардың топырағының, климатының және өсімдіктер жабынының қалыптасуы биіктік белдеулердің зоналық заңдылығына тікелей байланысты болуы зерттеу жұмысында толық көрсетілді. Онда Rosa potentilliflora Chrshan. et. M. Pop. өсімдігі кездесетін өсімдіктер қауымдастықтарының топырақтарының типтері, өсімдік жамылғысының құрамы, морфологиялық белгілері және химиялық құрамдары, механикалық құрамдыры анықталды. Зерттеу аймақтарынан Торайғыр аласа тау жотасы маңы мен Іле Алатауының орталық бөлігінің, солтүстік беткейіндегі Турген шатқалының орманды белдеуінен қара топырақ типтері және Сөгеті аласа тауы жотасынан қоңыр топырақ типтері анықталды. Механикалық құрамы бойынша орташа саздақ, жеңіл саздақ, ауыр саздақ топырақтар анықталды. Өсімдіктер қауымдастықтарының топырағының құнарлығы аса жоғары, қарашіріндіге бай, топырақ құрамында суда тез еритін тұздардың мөлшері өте аз, мүлдем жоқтың қасы деседе болады. Жалпы таулы аймақ топырақтарының селді үрдістерге бейім екендігі көрініс берді
Кілтті сөздер: морфология, қауымдас, кесінді, горизонт. гранулометрия