ССОРБҰЛАҚ КӨЛІНІҢ АЛЬГОФЛОРАСЫНЫҢ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІГІ ЖӘНЕ ТОКСИН ТҮЗЕТІН ЦИАНОБАКТЕРИЯЛАРДЫ БӨЛІП АЛУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v78.i1.011Аннотация
Микроорганизмдердің биоалуантүрлілігі жаңа перспективті микроорганизмдердің түрлерін анықтау үшін пайдаланылмаған ең үлкен резервуар болып саналады. Мақаланың мақсаты Сорбұлақ көлінің альгофлоасын зерттеу және токсин түзуге қабілетті цианобактерияларды бөліп алу. Сорбұлақ көлінен микробалдырлардың 153 түрі анықталды. Ластанған су экожүйелеріне тән жоғары алуантүрлілік (44%) жасыл балдырларда анықталды. Сандық құрамы бойынша екінші орынды диатомды балдырлар (24 %) алады. Сорбұлақ су қоймасының экожүйесінен анықталған түрлердің 20% цианобактериялар және 11% эвгленалы балдырлар. Анықталған цианобактериялардың ішінен 15 түрі потенциалды токсигенді организмдер болып саналады. Сорбұлақ көлінен 4 таза цианобактерия дақылдары бөлініп алынды. Цианобактериялардың оқшауланған штамдарының ішінде A. salina сынақ объектісіне қатысты ең улы цианобактерия Microcystis aeruginosa штаммы болды. Microcystis aeruginosa цианобактериясының биомасса сығындысынан токсиндердің 3 құрылымдық нұсқасы анықталды. Олардың молекулалық салмағы: микроцистин-LA - 910,61 m/z, микроцистин-RR - 1038,52 m/z, микроцистин-YR - 1045,47 m/z.
Түйінді сөздер: биоалуантүрлілік, цианобактериялар, балдырлар, альгофлора, токсин түзетін цианобактериялар